Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЗНЕС

ОБЛЫС КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы 2007 жылғы жетістіктері үшін» республикалық конкурсының бірінші туры өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын ұйымдар – Қазақстан Республикасының резиденттері жіберіледі.
Конкурстың бірінші турын өңірлік конкурстық комиссия жеті номинация бойынша өткізеді:

  1. жылдың таңдаулы кәсіпкері;
  2. ауыл шаруашылығы саласындағы таңдаулы кәсіпкер;
  3. өндіріс саласындағы таңдаулы кәсіпкер;
  4. қызмет көрсету саласындағы таңдаулы кәсіпкер;
  5. таңдаулы әйел-кәсіпкер;
  6. халықтық-көркемдік кәсіпшілік саласындағы таңдаулы кәсіпкер;
  7. шағын бизнес проблемаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығару саласындағы таңдаулы журналист;

Конкурс өткізу ережелері туралы ақпаратты және қатысушылар тапсырыстарының нысандарын облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің жанындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бөлімі (Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 318, 308 бөлме, тел. 24-18-83, 26-89-16) береді.
Құжаттар қабылдау 2007 жылғы 9 шілдеге дейін жүзеге асырылады.»

 

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы