Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЗНЕС

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС – АЛҒА!
 

Мемлекеттің шағын және орта бизнеске жіті назар аударуы қоғам үшін алғы экономикалық, саяси және әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізу тілегімен түсіндіріледі. Экономикалық нәтиженің мағынасы, кәсіпкерлік бәсекелік ортаны қалыптастырады, нарықты отандық тауарлармен және қызметтермен толтыруға ықпал етеді, ірі бизнес үшін қоректік орта болып табылады. Саяси нәтиженің мағынасы, қоғамның тұрақтылығының негіздері ретінде шағын және орта бизнес орта классты қалыптастырудың көзі болып табылады. Әлеуметтік нәтиженің мағынасы, шағын кәсіпкерлік тұрғындарды жұмыспен қамту проблемаларын шешуге ықпал етеді, бюджетке салықтық түсімдерді қалыптастырады. Нарықтық экономикалы елдерде шағын бизнесті құру және дамыту мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылған жоқ, өйткені ол табиғи жолмен, жүздеген жылдар бойы қалыптасты. Қазақстанда экономиканың бұл секторы іс жүзінде санаулы жылдарда қалыптасты. Қоғамның қуатты және іскер ортасының бастамасының арқасында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға берілген кепілдіктер өз нәтижелерін берді, бұл туралы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өсу динамикасы және олардың экономикаға үлес қосуының артуы айғақтайды. Биылғы жылы ғана, шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау жөнінде облыс басшылығы қабылдап отырған шаралардың арқасында шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тауарлар, жұмыстар мен қызметтер шығаруы өткен жылмен салыстырғанда 11%-дан артыққа өсті. Дара кәсіпкерлер саны 5,5 мың адамға өсті, бүгінгі күні олар облыс бойынша 60 мыңнан асады. Бұл республика бойынша екінші көрсеткіш. Жалдамалы еңбеккерлерді есепке алғанда, осы салада 115 мыңнан артық адам еңбек етеді – ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда 8 мың адамға артық. Шаруа қожалықтарының саны жыл басынан бері мыңнан артық өсіп, 16338 бірлікке жетті. Шаруа қожалықтарында барлығы 33,9 мыңнан артық адам жұмыспен қамтылған. ШКС-тен бюджетке салықтық түсімдер көлемі 2,9 млрд. теңгеге артты. Ағымдағы жылдың 9 айында ол 9,9 млрд. теңгені құрады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан 2030; Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы» Жолдауында белгіленген мемлекеттік басымдықтардың бірі болып табылады. Сондықтан кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және бизнестің үздік өкілдерін көтермелеу мақсатында облыста алғаш рет әкімдік «Шағын бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» конкурсын өткізді. 2006 жылғы 12 желтоқсанда облыс әкімі В.В. Храпуновтың, облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Т. Баяндаровтың, облыстық мәслихаттың хатшысы В.И. Ахаевтың қатысуымен конкурс жеңімпаздарын және лауреаттарын марапаттау салтанатты рәсімі болып өтті. Облыстың түгелге дерлік өңірлерінен келген, сегіз номинациядағы кәсіпкерлер ақшалай сыйлықтармен, бағалы сыйлықтармен, конкурс жеңімпаздары мен лауреаттарының дипломдарымен атап өтілді. Бұл кәсіпкерлерге іскерлік белсенділігін танытуға, өз бизнесін дамытуға көмектеседі және 2007 жыл конкурсының жеңімпаздары мен лауреаттарының қатарында болуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Барлықтарыңызға тасбыс тілейміз!

Ю.М. Ильяшенко, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бөлімінің бастығы

2006 жылғы «Шағын бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» облыстық конкурсының жеңімпаздары мен лауреаттары


«Өндіріс саласындағы үздік кәсіпкер» номинациясында

Жеңімпаз: Василий Александрович Лысянский, «Кседа» ЖШС, Өскемен қаласы

Василий Александрович Лысянский – 1992 жылдан бастап «Кседа» ЖШС-нің директоры. Құрылыс-жол институтын аяқтағаннан кейін кәсіпорынның автослесарінен бас инженеріне дейінгі еңбек жолынан өтті. 1992 жылы өз ісін ұйымдастыруға бел буды. Коммерциялық тәжірибесі болған жоқ, бірақ жұмыс істеуге деген ниеті, табиғи атаққұмарлығы мен үлкен жауапкершілік сезімі оған «Кседа» ЖШС-нің негізін қалап, жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Серіктестіктің негізі қаланған сәтте қызметшілердің саны 4 адам ғана болды, 2000 жылы «Кседа» ЖШС-де В.А. Лысянскийдің басшылығымен 100 адам жұмыс істеді, ал 2005 жылы орташа статистикалық есеп көрсеткіштері бойынша «Кседа» ЖШС еңбеккерлерінің саны 140 адамды құрады. Кседа» ЖШС-нің бизнес жөніндегі әріптестері – азық-түлік және кір жуу-жуыну тауарларын шығаратын аса ірі отандық және ресейлік өндірушілер. 1999 жылы «КСЕДА» фирмасы банкрот болған «ЭТАЛОН» зауытын сатып алып қайта жаңартады. Қазіргі кезде механика цехы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, шағын наубайханаға, қақтағышқа арналған құрал-жабдықтарды дайындайды. Азық-түлікті орау үрдісі реттелген. Бүгінгі күні «КСЕДА» - экономистердің, бухгалтерлердің, менеджерлердің, маркетинг жөніндегі мамандардың, сату жөніндегі агенттердің үлкен және тату ұжымы. «КСЕДА» тамақ және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, құрылыс ұйымдары, шаруа және фермер шаруашылықтары үшін стандартты емес құрал-жабдықтар өндірушісі болып табылады, коммерциялық қызметті жүзеге асырады. Фирма тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді және стандартты емес, ал кейде Қазақстанда ұқсасы жоқ бірегей жабдықтарды сынақтан өткізуді жүргізеді. Жемісті еңбек етіп, демалу үшін кәсіпорында толық жағдай жасалған, толықтырылған әлеуметтік бағдарлама жұмыс істейді. Еңбекшілер кәсіпорынның есебінен спорт залына, бассейнге бара алады, «Көгілдір бұғазда» демалу базасы салынған, қызметкерлердің табиғат аясына шығып демалуы жүзеге асырылады. Мерекелік іс-шараларға демеушілік жасалады, «Сәулетай» ШҚ Балалар қорына, «Үміт» балалар үйіне, волейбол командасына, православиялық шіркеуге көмек көрсетіледі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына байланысты В.А. Лысянский Қазақстан Республикасы Президентінің алғысымен атап өтілді. Белсенді өмірлік көзқарасы, Қазақстандағы кәсіпкерлік қозғалысты дамытуға, Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлкен үлесі үшін Василий Александрович бірнеше рет облыс әкімінің және Өскемен қаласы әкімінің, Орталық Кәсіподақтар кеңесінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен атап өтілді.

Лауреаттар:

Сереккан Сергеевич Чуембаев – дара кәсіпкер, Ұлан ауданы Сереккан Сергеевич Чуембаев шағын наубайхана, ет және балық өнімдерін өңдейтін консерві цехы, 3 дүкен кіретін өндірістік кешенді басқарады. Өндірістік кешенде жұмыспен қамтылғандар саны 11 адамды құрайды. Сереккан Сергеевич аудан тұрғындарына демеушілік және қайырымдылық көмегін көрсетеді.

Николай Васильевич Косолапов – дара кәсіпкер, Шемонаиха ауданы Николай Васильевич Косолапов нан-тоқаш өнімдерін – 1-ші, 2-ші сұрыпты нан, диеталық нан, түрлі тоқаш өндіріп сатумен айналысады. Жұмыс істеушілер саны - 14 адам. Орташа айлық еңбекақы 20 000 теңге. Николай Васильевич Шемонаиха қаласының және Шемонаиха ауданының қоғамдық өміріне белсене араласады.

Максат Ашметович Сайдуакасов –«СМиК» ЖШС-нің директоры, Зырян ауданы «СмиК» ЖШС қызметінің негізгі түрі – ағаш және ағаш материалдарын дайындау, өңдеу және сату, мырыш тотығын өндіру, 230 түрден астам вафель өнімін өндіру. Кәсіпорын «2005 жылғы Шығыс Қазақстанның үздік тауарлары» облыстық конкурсының «Азық-түлік тауарлары» номинациясындағы жеңімпазы болып табылады, «Ауданда жаңа өндірісті ашқаны үшін» дипломы тапсырылған. Максат Ашметович Сайдуакасов ауданның өміріне белсене араласады, тұрғындарға демеушілік және қайырымдылық көмегін көрсетеді

 

«Құрылыс саласындағы үздік кәсіпкер» номинациясында

Жеңімпаз: Вадим Владимирович Баев, «Строй Сантехмонтаж» ӨК, Өскемен қаласы

Вадим Владимирович Баев 2001 жылғы қарашада құрылған «Строй Сантехмонтаж» өндірістік кооперативін басқарады. Кооперативтің жұмысындағы негізгі бағыт – жылытудың, сумен қамтудың, канализацияның сыртқы және ішкі желілерін салу және жөндеу, технологиялық жабдықтарды, соның ішінде қазандық қондырғыларын монтаждау. Кәсіпорын шатыр жабындыларын жөндеуді және қайта құруды, автомобиль жолдарын жөндеуді жүзеге асырады. Өскемен қаласындағы объектілерді қайта құруға және салуға қатысу: «Қазақстан кинотеатрын «Большевик» орталығына қайта құру, Ворошилов көшесіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, Ленин даңғылындағы «DANIEL» сауда үйін қайта құру өндірістік кооперативтік мақтанышы болып табылады. 2003 жылдан бастап кәсіпорын Қазақстанның кәсіпқой құрылысшылары қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Лауреаттар:

Ардак Сагадиулы Белибаев –  дара кәсіпкер, Абай ауданы
Ардак Сагадиулы Белибаев ғимараттар мен құрылғылардың негізгі және құрылыстық конструкцияларын салумен айналыса отырып, ішкі инженерлік жүйелердің құрылғысы жөніндегі жұмыстарды жүргізе отырып, өз еңбегін 1992 жылы бастады. Жұмыс істеушілердің қазіргі саны 16 адам, жұмыскерлердің еңбекақысы - 20000 теңге. Аудан тұрғындарына қайырымдылық көмегін көрсетеді.

Шарипхан Турусбекович Сембаев, Тарбағатай ауданы
Шарипхан Турусбекович Сембаев жөндеу-құрылыс жұмыстарының шебері болып табылады. Ақжар ауылдық округіндегі Қарттар үйін және туберкулез диспансерін салумен айналысты. Көкжыра, Сәтпаев, Жантікей және т.б. ауылдардағы емханалардың күрделі жөндеуін жүргізді. Жұмыс істеушілердің саны – 15 адам. Тұрмысы төмен отбасыларға көмектеседі. Аудан өміріне белсене араласады.

 

«Үздік кәсіпкер- әйел» номинациясында

Жеңімпаз: Фарида Кадыровна Рахматуллина, «Корунд» ӨК, Семей қаласы

Фарида Кадыровна Рахматуллинаны
Семей қаласындағы шағын кәсіпкерлікті сара жолға түсіру және дамыту көшбасшыларының бірі деуге болады. Фарида Кадыровна мұғалімдер отбасында туды, салт-дәстүрді, аға ұрпақтың еңбексүйгіштігін және ұлтжандылығын бойына сіңіріп өсті. Сондықтан оның мінезінің негізгі сипатына айналған еңбекке деген махаббат, мақсатқа ұмтылушылық оның бойында модельердің шеберлігі мен талантын дамытты. Еңбегін Алматы қаласының сүт өнеркәсібі комбинатында инженер-экономист лауазымынан бастады, Қырғызиядағы Фрунзе былғары зауытында бас экономист болып жұмыс істеді. Фарида Кадыровнаның ұйымдастырушылық қабілеті, еңбегімен адамдарды соңынан ерте білуі өз кәсіпорнын ұйымдастыруға ықпал етті. Мәселен, 1992 жылы Семей қаласында оның басшылығымен қой терісінен тері бұйымдарын, тері велюрін өндіретін, өндірістің толық циклін жүзеге асыратын кәсіпорын - «Корунд» өндірістік кооперативі ұйымдастырылды. Бүгінгі күні кәсіпорын республика ұланы, ҚР ІІМ Ішкі әскер комитетінің бөлімшелері, Қорғаныс министрлігі үшін тері киімін жеткізуші болып табылады. 2004 жылы «Корунд» ӨК-нің құрамынан қызметінің негізгі түрі полимер-құм қоспаларынан полимер-құм черепица, тротуар плиткасы сияқты құрылыс материалдарын өндіру болып табылатын «Корунд – Строй» ӨК бөлініп шықты. 2002 жылы Ф.К. Рахматуллина «Шағын бизнес саласындағы үздік кәсіпкер» номинациясындағы лауреат дипломымен марапатталды, қаланың саяси және қоғамдық өміріне белсене араласады, «Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі болып табылады.

Лауреаттар:

Галия Токтаровна Майжанова – дара кәсіпкер, Аягөз ауданы
Галия Токтаровна Майжанова кәсіпкерлік қызметпен 7 жылдан артық айналысады, «Мұра» дүкені арқылы кеңсе және спорт тауарларын сатады, аудан өміріне белсене араласады. Табысты қызметі үшін аудан әкімінің грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығының мерейтойлық медаліне ие болған.

Ирина Семеновна Нагибина – дара кәсіпкер, Зырян ауданы
Ирина Семеновна Нагибина өзінің еңбек қызметін кішкентай үй-жайдан және стоматологиялық көмек көрсету жөніндегі 2 қондырғыдан бастады. Қазіргі кезде стоматология кабинеті қаланың орталығында орналасқан, кең бөлмелерде қазіргі заманғы жабдық орнатылған, компьютерлік диагностика және тамаша жарақталған тіс техникасы зертханасы бар. Жұмыс істеушілердің саны – 13 адам. Үнемі кәсіби деңгейін көтеріп отырады, Стоматологтардың Қазақстандық Қауымдастығының мүшесі болып табылады, аудан тұрғындарына материалдық және қайырымдылық көмегін көрсетеді. Қолында кәсіби грамоталары, аудан әкімінің алғыс хаты бар.

Зауре Мубараковна Кошербаева, «Асфарм» ЖШС, Өскемен қаласы
Зауре Мубараковна Кошербаева «Асфарм»ЖШС-нің басшысы болып табылады, инъекциялық стерильді ерітінділер, ұнтақтар, мазьдар, тұнбалар өндірісімен, марлялық стерильді және стерильді емес бинттер, медициналық мақта және т.б. өндірісімен байланысты фармацевтикалық қызметті жүзеге асырады. Өздері шығаратын дәрілік құралдардың түрі 198-ден асады. Дәрілік құралдардың барлығы Қазақстан Республикасында тіркелген, сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталған. Кәсіпорын 2002 жылы «Муниципалдық дәріхана» мемлекеттік кәсіпорнының базасында құрылған, жұмыс істеушілер саны – 72 адам, с.і. әйелдер – 66. 2006 жылы медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару жөніндегі цех іске қосылды. Кәсіпорынның өз қаражаттары есебінен 2004 жылы медицина колледжін 1 фармацевт, 2005 жылы 4 фармацевт аяқтады. 2006 жылы 4 фармацевт Қарағанды фармацевтика институтының кешкі бөліміне оқуға түсті, 16 фармацевт пен провизор біліктілікті көтеру курстарында оқып шықты. 2006 жылы орташа еңбекақы 26776 теңгені құрады.

 

«Үздік фермер-кәсіпкер» номинациясында

Жеңімпаз: Анатолий Борисович Барков, «Иртыш» ЖШС, Ұлан ауданы

Анатолий Борисович Барков Алтай ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған, шаруа қожалығының тракторшысынан басшысына дейінгі еңбек жолынан өтіп, агроөнеркәсіп кешені жүйесінде 1977 жылдан бері жұмыс істейді. «Иртыш» ЖШС қызметінің негізгі түрі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және сату. Егістік жерлері 300 га-дан 2374 га-ға дейін, шабындықтары мен жайылымдары 400 га-дан 1500 га-ға дейін артты. Шошқа басы 25-тен 500 басқа дейін өсті. 2006 жылғы қаңтардан бастап «Иртыш» ЖШС ірі қара мал (етті және сүтті тұқым) өсірумен айналысады. Округтің, ауданның өміріне белсене араласады. Округ және аудан аумағындағы барлық іс-шараларға демеушілік көрсетеді.

Лауреаттар:

Валерий Викторович Лопатин, «Роща» ш/қ, Бородулиха ауданы
Валерий Викторович Лопатин «Роща» ш/қ-ның басшысы болып табылады, дәнді дақылдар және күнбағыс өндірумен айналысады. Шаруашылық ауданда алғашқылардың бірі болып ДТ -75, МТЗ-80 тракторларын сатып алды. Шаруашылыққа жыл сайын жалғызілікті пайшылар, ұсақ шаруашылықтар («Татьяна» ш/қ, «Удача» ш/қ және т.б., барлығы 5 шаруашылық) қосылып отырады. Егістік алқаптары 3200 га. құрайды, жұмыс істеушілердің саны 35 адам. Валерий Викторовичтің бойында жұмыста қажет іскерлік қасиеттері бар, адамдардың тілін таба біледі. Ауданда өткізілетін қоғамдық іс-шаралардың демеушісі болып тұрады.

Сергей Михайлович Скоснягин, «Беловодье» ш/қ, Зырян ауданы
Сергей Михайлович Скоснягин «Беловодье» ш/қ-ның басшысы болып табылады, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен, мал өнімдерін өңдеумен, асыл тұқымды ІҚМ өсірумен айналысады. Ол басқаратын өндіріс 20-дан астам жоғары сапалы сүт өнімдерін шығарады, жұмсақ сыр өндіру жөніндегі желі бар. Соловьево ауылындағы «Қарлығаш» қарттар үйіне материалдық көмек көрсетеді. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінде 39 адам жұмыспен қамтылған.

 

«Шағын бизнес саласындағы үздік инновациялық жоба» номинациясында

Жеңімпаз: Нурлан Зейнельевич Токтаров, «Катон-Қарағай бұғы паркі» ш/қ, Катон-Қарағай ауданы

Нурлан Зейнельевич Токтаров 1948 жылы туған, техника ғылымдарының кандидаты, «Катон-Қарағай бұғы паркі» шаруа қожалығының басшысы. «Катон-Қарағай бұғы паркі» ш/қ «Шығыс Қазақстан пантымен емдеу орталығы» ЖШС-мен және «НПФ Восток» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырылған. Марал мен теңбіл бұғы өсіру жөніндегі асыл тұқымды шаруашылық болып табылады. «НПФ Восток» ЖШС-нің мамандары пантылардың негізінде бальзамдар, эликсирлер және фитошайлар түріндегі биологиялық белсенді қосындылардың технологиясын әзірлеп, өндірісін жолға қойған. Шығарылатын өнім әлемдік стандарттар деңгейіне сай келеді, Гонконг пен Кореяның панта рыноктарында сапасы бойынша ең жақсысы болып табылады. «Восточный» эликсирі ресей ғарышкерлерінің борттық тамақтану мәзіріне енгізілген. Н.З. Тоқтаров панты рәсімдерін жіберу үшін небулайзерлік қондырғының конструкциясын әзірлеген және үш модификациядағы 14 жиынтықты дайындаған, олар Өскемен, Алматы, Астана қалаларындағы және Қытайдағы Шыказ қаласындағы емдеу мекемелерінде жұмыс істейді. Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының ШҚ филиалымен бірлесіп ӨК ТМК, ШҚ МХК қызметкерлері, Қарағандының теміржолшылары, «Қазақмыстың» шахтерлері үшін пантымен емдеу бөлімдері ашылды. 2005 жылы 3000-нан астам адам сауықтыру курсынан өтті. 2004 жылдың қорытындылары бойынша «Катон-Қарағай бұғы паркі» ш/қ Қазақстанның үздік шаруашылығы болып танылды.

Лауреаттар:

Виктор Васильевич Шитиков, «Белуха» АҚ, Зырян ауданы.
Виктор Васильевич Шитиков «Белуха» АҚ-ның директоры болып табылады. Құрғақ қоспалар өндіру жөніндегі зауыт салу туралы шешім 2004 жылдың қыркүйегінде қабылданды, соған байланысты Серебрянск қаласындағы бұрынғы темір-бетон бұйымдары зауытының өндірістік ғимараты сатылып алынды. 2005 жылы ғимараттардың күрделі жөндеуін және қайта құруын жүргізгеннен кейін, құрал-жабдықтарды монтаждағаннан кейін жетекші еуропалық өндірушілердің химиялық қоспалары қосылған жергілікті шикізаттың негізіндегі жаңа, қазіргі заманғы құрғақ құрылыс қоспалары зауыты ашылды. Бұдан басқа, құрғақ қоспалардағы ауыр құм пластикалық, жеңіл және сапалы шағын мәрмармен ауыстырылды. Қазіргі кезде зауыт толық қуатпен жұмыс істеп тұр. Қазақстан қалаларындағы сауда желісі арқылы өткізудің тұрақты рыногы қалыптасқан.

Алмагуль Ариновна Сембаева, «Қанжар» ЖШС, Өскемен қаласы
Алмагуль Ариновна Сембаева «Қанжар» ЖШС-ін басқарады. «Қанжар» ЖШС-нің ұсақ және ірі қара мал сою, сатып алу және сату мәселелерін шешуі рынокты ет өнімдерімен қанықтыруды қамтамасыз етеді және шаруа қожалықтарының ҰММ және ІҚМ кеңейтілген өндірісіне ықпал етеді. Ол үшін «Kometos» фирмасының көшпелі мал сою жабдығы сатылып алынды. Бұнымен қатар еуростандарттағы 350 тонналық стационарлық тоңазытқыштың құрылысы басталды. Жұмыс істеушілердің саны 14 адам.
 

«Шағын бизнес кәсіпорындарындағы ең жоғары еңбекақы» номинациясында

Жеңімпаз: Владимир Алексеевич Дёмышев , «Азот» ӨК, Курчатов қаласы

Владимир Алексеевич Дёмышев «Азот» ӨК-нің төрағасы болып табылады, 1989 жылдан бастап криогенді сұйықтар, газдар (азот, оттегі, ацетилен, аргон) өндірісімен айналысады, криогенді ыдыстар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді, азот, оттегі, ацетилен, аргон баллондарына техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді және куәландыруді жүргізеді. Кәсіпорынның мамандары оттегі-толтыру және ауа бөлу станцияларының 20-дан астам нысандарын орнатып, тапсырды. Бородин көмір кенішіндегі (Краснояр өлкесі) жер асты өртін сөндіруге қатысты. В.А. Дёмышев Курчатов қаласындағы кәсіпкерлердің «Фортуна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып табылады. Қаланың қоғамдық өміріне белсене араласады, әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға демеушілік көмек көрсетеді.

Лауреаттар:

Юрий Иванович Семенов, «Семипалатинскторгтехника» ЖШС, Семей қаласы
Юрий Иванович Семенов басқаратын кәсіпорын - «Семипалатинскторгтехника» ЖШС 1957 жылы құрылған, коммерциялық кәсіпорын ретінде 1992 жылы тіркелген. Қызметінің негізгі түрі – тоңазытқыш сауда-технологиялық жабдықтарды жөндеу, монтаждау, реттеу, стандартты емес жабдықтарды дайындау. «Семипалатинскторгтехника» ЖШС БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасы және Ғаламдық Экологиялық қор қаржыландыратын, Қазақстанда озонды бұзғыш заттарды қысқарту жөніндегі бағдарламаға қатысушы болып табылады. Кәсіпорынның 20-дан астам қызметкері осы бағдарлама бойынша оқудан өтті, 19 000 $-дан астам сомаға жабдықтар алынды. Кәсіпорын қаланың қайырымдылық және қоғамдық өміріне белсене араласады. Жұмыс істеушілердің саны 37 адам.

 

 

«Анағұрлым көп жаңа жұмыс орындарын құрған кәсіпкер» номинациясында

Жеңімпаз Мунира Шигаповна Ягудина, «Мунира» ЖШС, Өскемен қаласы

Мунира Шигаповна Ягудина – кәсіпкер әйел, мақсатқа талпынғыш, шығармашылық қуаты мол, білімі бойынша заңгер, «Мунира» ЖШС-нің директоры. Мунира Шигаповнаның табысының сыры оның жаңа технологиялар мен маркетингтік стратегиялар енгізуінде емес, адамдардың жақсыға деген қажетін сезінуінде. Ол үшін қазіргі кинопрокаттағы басты әрекет етуші тұлға – ол көрермен. 1997 жылы ШҚ аумақтық мемлекеттік мүлікті басқару комитетінің тендерін ұтып алғаннан кейін «Юбилейный» кинотеатры «Мунира» ЖШС-нің жалға алуына көшті. Бүгінгі күні «Юбилейный» кинотеатры Қазақстанның өңірлік кинотеатрларының арасындағы көшбасшы болып табылады. 2005 жылғы қаңтарда Семей қаласындағы «Еңлік-Кебек» кинотеатры сенімді басқармаға алынды. Аса үлкен қайта құрудан кейін 2006 жылғы 30 маусымда кинотеатр кинокөрермендерге өз есігін ашты. Кинотеатрда жаңа кинотеатр креслолары орнатылып, жаңа экрандар, дыбыстық жабдықтар монтаждалды, акустикалық жоба жасалды. «Мунира» ЖШС «2005 жылы шағын кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» республикалық конкурсының лауреаты болып танылды.

Лауреаттар:

Жанарбек Омарбекович Мукангалиев – дара кәсіпкер, Аягөз ауданы. Жанарбек Омарбекович Мукангалиев кәсіпкерлікпен 2001 жылдан бері айналысады. 2003 жылы сенімді басқармаға бос тұрған 2 қабатты ғимаратты алды. Күрделі жөндеуден кейін «Марияш» сауда үйін ашты. Нөлінші қабатта жиһаз цехы, бірінші қабатта дайын жиһаз сататын дүкен жұмыс істейді, екінші қабатты 300 орындық «Ару Ана» мейрамханасы алып отыр. 2004 жылы қызметкерлердің саны 10 адамды, 2006 жылы 23 адамды құрады.

 

«Жылдың үздік кәсіпкері» номинациясында

Жеңімпаз Нурлан Кайнолдинович Балтаев– дара кәсіпкер, Глубокое ауданы

Н.К. Нурлан Кайнолдинович Балтаев Қарағанды кооперативтік институтын сауда экономикасы мамандығы бойынша бітіріп шықты, тамаша отағасы, бос уақытында гитарада ойнап ән салады, спортпен шұғылданады, ұйымдастырушылық қабілеті бар. 1997 жылдан бері нан және нан-тоқаш өнімдерін өндірумен айналысады, өнімнің түрі 25 мыңнан асады. Нан пісіру өндірісінің кәсіпқойы болып табылады, өзі ойлап тапқан нан пісіру жабдығы бар. 2004 жылы «Шығыс Қазақстанның үздік тауарлары» облыстық конкурсында «Азық-түлік тауарлары» номинациясында оның өнімі үздік деп танылды. Өндірісті дамытуға үлкен көңіл бөледі, Германияда шығарылған автоматтандырылған кондитер желісін орнату арқылы тәулігіне 2 тонна дайын өнім шығаратын, 25 жаңа жұмыс орнын құратын жаңа қазіргі заманғы кондитер цехын енгізуге дайындық жасауда. 2005 жылы Н.К. Балтаев «2005 жылғы Шығыс Қазақстанның үздік тауарлары» конкурс-көрмесінде облыс әкімінің дипломымен және ақшалай сыйлығымен марапатталды. Өндірісте қол жеткізген табыстары үшін Глубокое ауданы әкімінің грамотасын алған. Республикалық және облыстық конкурс-көрмелеріне тұрақты түрде қатысып тұрады. Аудан тұрғындарына демеушілік көмек көрсетеді.

Лауреаттар:

Сергей Анатольевич Кучерин
– дара кәсіпкер, Ұлан ауданы. Сергей Анатольевич Кучерин дара кәсіпкер ретіндегі өзінің ебек қызметін «Шағын несие» ҮЕҰ арқылы 30,0 мың теңге сомасында шағын кредит алып 1998 жылы бастады. 2002 жылы балалардың бұрынғы спорт кешенінің ғимаратын кейін меншікке беретін болып сенімді басқармаға алды. Шетелдік станоктарды сатып алу үшін 2005 жылы «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы кредит алды. Ас ішетін үстелдер мен орындықтар цехтың бірінші өнімі болды, 2 адам жұмыс істеді, қазіргі кезде цехта 28 адам жұмыс істейді, шығарылатын өнімнің ассортименті 50-ге жетті. 2006 жылдан бері пластикалық терезе-есіктер, сондай-ақ әртүрлі ортопедиялық матрацтар дайындайтын өндіріс реттелді. Бір жұмыскердің орташа еңбекақысы 20500 теңгені құрайды, Өскемен қаласында жиһаз сататын екі сауда нүктесі ашылды. Сергей Анатольевичтің ауылдағы бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін грамотасы бар, қайырымдылықпен белсене айналысады.

Маулетбек Кусманович Калиев, «Алғабас» ш/қ, Үржар ауданы
Маулетбек Кусманович Калиев «Алғабас» шаруа қожалығын басқарады, Шаруашылықтың негІзгі қызметі - өсімдік және мал шаруашылығы, өз дүкені, май цехы бар. Ш/қ-да жұмыс істеушілердің саны 2004-2006 жылдары 7 адамнан 50 адамға дейін өсті. Еңбекақы 15000 теңгені құрайды. Жәрмеңкелерге белсене қатысады, Науалы балалар үйінің 5 баласына үнемі қамқорлық көрсетіп отырады, аудандық конкурстың «Жылдың үздік кәсіпкері» номинациясындағы жеңімпазы болып табылады.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !


 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы