|
"2006 жылғы Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістіктері үшін" республикалық конкурсының бірінші туры
ОБЛЫС КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!
2006 жылғы қыркүйекте Өңірлік конкурстық комиссия «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы 2006 жылғы жетістіктері үшін» республикалық конкурсының бірінші турын өткізді. Шығыс Қазақстан облысынан 9 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар конкурстың республикалық конкурстық комиссия өткізетін екінші кезеңіне қатысады.
Конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары болып танылды:
1. Жылдың үздік кәсіпкері
Д/К А.В.Межебицкий, Өскемен қаласы;
2. Ауыл шаруашылығы саласындағы үздік кәсіпкер
М.Т.Тұмабаев – «Агрофирма Приречное» ЖШС, Семей қаласы;
3. Өндіріс саласындағы үздік кәсіпкер
В.А.Лысянский – «Кседа» ЖШС, Өскемен қаласы;
4. Құрылыс саласындағы үздік кәсіпкер
Б.М.Шаяхметов – «АЗА-БИ» ЖШС, Өскемен қаласы;
5. Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкер
Л.В.Плахотина – «ДСД» ЖШС, Өскемен қаласы;
6. Үздік әйел-кәсіпкер
Л.Сапарғалиева – «Сорбент» ЖШС, Өскемен қаласы;
7. Халықтық-көркемдік кәсіпшілік саласындағы үздік кәсіпкер
К.А.Ақашова – «Терме» ӨК, Өскемен қаласы;
8. Шағын және орта бизнес проблемаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығару саласындағы үздік кәсіпкер
Л.И.Козловская – «Риа-пресс» ЖШС, Өскемен қаласы;
9. Инновациялық қызмет саласындағы үздік кәсіпкер
В.Г.Черепанов – «Белуха» АҚ, Зырян ауданы.
Ақпаратты облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті тапсырды.
|