Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЗНЕС

Конкурстар

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi ұшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiн және "Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы N 1059 Қаулысы

2007 жылда «Шағын бизнес саласындағы үздік кәсіпкерлер» облыстық конкурсының жеңімпаздары мен лауреаттары

"2007 жылғы Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістіктері үшін" республикалық конкурсының бірінші туры

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Шағын кәсіпкерлік саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлері» өңірлік конкурсы өткізілетіндігі туралы хабарлайды

"2006 жылғы Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістіктері үшін" республикалық конкурсының бірінші туры

 

Шығыс-Қазақстан облысы бойынша «2007 жылы Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістіктері үшін» республикалық конкурсының бірінші туры

Өңірлік комиссия «2007 жылы Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту саласындағы жетістіктер үшін» республикалық конкурсының Шығыс Қазақстан облысы бойынша бірінші турының қорытындысын жинақтады.
Қонкурсқа Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және Глубокое, Жарма, Зайсан, Зырян, Ұлан, Үржар аудандарының кәсіпкерлері қатысты.

Жеңімпаздар мен лауреаттар:
Жылдың таңдаулы кәсіпкері аталымында
жеңімпаз -  Б.Н. Бұлақпаев, «Зайсан сулары» ЖШС, Зайсан ауданы
лауреат – В.В. Зейнок, «Изумрудный» Ш/Қ, Ұлан ауданы
                С.В. Огнев, «Фаворит» ЖШС, Зырян ауданы

Ауылшаруашылық саласындағы таңдаулы кәсіпкер аталымында
жеңімпаз -  К.Б. Қарашев, «Юбилейный» ЖШС, Үржар ауданы
лауреат – К.С. Кемешев, «Ақбастау» Ш/Қ, Ұлан ауданы

Өндіріс саласындағы таңдаулы кәсіпкер аталымында
жеңімпаз -  С.Ж. Сайлаубаев, «Украинское» ЖШС, Ұлан ауданы
лауреат – Р.Ж. Тлекеева, «Мұрагер» ЖШС, Семей қаласы

Қызмет көрсету саласындағы таңдаулы кәсіпкер аталымында
жеңімпаз -  К.Р. Майлышева, «Центральный рынок» ЖШС, Өскемен қаласы
лауреат – Н.Г. Попова, «Бытовик» КК, Риддер қаласы

Таңдаулы әйел-кәсіпкер аталымында
жеңімпаз -  Н.В. Воропай, «БагратионУлан» ЖШС, Ұлан ауданы
лауреат – Н.Ф. Цикунова, «Восток-ГрацияМұрагер» ЖШС, Өскемен қаласы

Шағын кәсіпкерліктің проблемаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығару саласындағы таңдаулы тілші аталымында
жеңімпаз -  М.М. Оспанбаев. «Рауан-Восход» газеті, Жарма ауданы.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2-турда сәттілік тілейміз!

 

"Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлері" облыстық конкурсы

Кәсіпкерлік бастаманы және іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында облыс басшылығы шағын және орта бизнесті ынталандыру жөнінде жүргізіп отырған шараларға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша жыл сайын «Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлері» конкурсын өткізуді белгілейтін қаулы қабылдады.

Облыстық конкурс облыс кәсіпкерлері арасында сегіз номинация бойынша өткізілмек:

1. Жылдың таңдаулы кәсіпкері
2. Өндіріс саласындағы таңдаулы кәсіпкер
3. Құрылыс саласындағы таңдаулы кәсіпкер
4. Таңдаулы фермер-кәсіпкер
5. Таңдаулы әйел-кәсіпкер
6. Шағын бизнес саласындағы таңдаулы инновациялық жоба
7. Шағын бизнес кәсіпорындарындағы ең жоғары орташа айлық еңбекақы
8. Анағұрлым көп жаңа жұмыс орындарын құрған кәсіпкер

Кез-келген кәсіпкер тиісті жылдың 1 қарашасына дейін Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментіне аталған конкурсқа қатысуға тапсырыс бере алады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Т.Баяндаров басқаратын арнайы жұмыс тобы жыл сайын жыл аяғында Конкурс қорытындыларын шығарады. Топтың құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің де басшылары кіреді. Конкурс қорытындылары бойынша әр номинациядағы Конкурс жеңімпаздары мен лауреаттары облыс әкімі қол қойған дипломдармен марапатталады, әр номинациядағы жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен көтермеленеді.

"Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлері" облыстық конкурсы

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы