| ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУДЫҢ 2006-2008 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
(122 Кб)
Өскемен қаласы, 2006 ж.
МАЗМҰНЫ
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Шағын кәсіпкерліктің дамуының жай-күйі, Шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асырудың нәтижесі.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері
6. Бағдарламаны қаржыландырудың ресурстары мен көздері.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер.
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары.
1. Бағдарламаның паспорты
Әзірлеу үшін негізі «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131-1 Заңы
Әзірлеуші Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті
Мақсаты Облыстың шағын кәсіпкерлігін серпінді және кешенді дамытуды қамтамасыз ету, оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру
Міндеттері
1. Кәсіпкерлік қызметті тіркеу, рұқсат беру, есеп беру және бақылау үдерісін оңтайландыру.
2. Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыруға бағытталған кредиттік қаражат көлемін ұлғайту, кәсіпкерлікті қаржылай қолдау нысандарын кеңейту.
3. Экономиканың нақты секторында шағын кәсіпкерлікті дамыту, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтерін қазіргі заманғы және ғылымды қажет ететін технологиялардың, басқарудың озық әдістерінің негізінде ұйымдастыру.
4. Шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
5. Кәсіпкерліктің ақпараттық жүйесін оқытуды және қалыптастыруды ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызметті насихаттау.
6. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың іс-шараларын жан-жақты және кешенді іске асыру.
Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетіктері
1. Шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық шарттарын, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын жетілдіру.
2. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-кредиттік және инвестициялық қолдау.
3. Индустриалық-инновациялық бағыттағы шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
4. Шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамыту.
5. Шағын кәсіпкерлікті оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау.
6. Өңірлік дамыту.
Қаржыландырудың көздері және көлемі Көрсетілген мақсаттарға көзделген соманың шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің, қаржы институттарының, бюджеттен тыс мақсатты гранттардың, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының немесе донор елдердің, сондай-ақ кәсіпкерлердің өздерінің және олардың қоғамдық ұйымдарының қаржылары есебінен. 2006-2008 жылдар кезеңіне бағдарламаны қаржыландыру көлемі 1352,0 млн. теңге құрайды, оның ішінде облыстық бюджеттің қаржысы-32,0 млн.теңге, қалалар мен аудандардың бюджеттерінен-270,0 млн. теңге, басқа көздерден-1050,0 млн. теңге.
Күтілетін нәтиже Шағын кәсіпкерлік субъектілер санының 4800 бірлікке өсуі, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тауарларын және қызметтерін сатудан пайданың 20,4 % артуы, шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар санының 18600 адамға көбейуі.
Бағдарламаны іске асыру мерзімі 2006-2008 жылдар.
2. Кіріспе
Шығыс Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясына, «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралар Бағдарламасына сәйкес «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жасалды.
Бағдарламаны іске асыру облыста кәсіпкерлік ортаның бастамаларын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етуі, облыстың экономикалық дамуының әлеуетін іске асыруға шағын кәсіпкерліктің белсенді қатысуын қамтамасыз етуі, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының жаңа идеологияға көшуін қамтамасыз етуі тиіс.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы қолданыстағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің бағыттары және шағын кәсіпкерлікті дамытуға жауапкершіліктің салмағы мен үлесін республикалық деңгейден жергілікті деңгейге ауыстырумен сипатталады. Осыған байланысты өңірлердің экономикалық ерекшеліктерін ескеріп шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды әзірлеудің және іске асыру тетіктерінің сапасына талаптар артады.
Осы бағдарламамен облыстың шағын кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау мен дамытудың негізгі бағыттары, белгіленген бағыттар бойынша нақты іс-шаралар, жауапты орындаушылар және 2006-2008 жылдар кезеңіне іске асыру мерзімдері айқындалады.
Кәсіпкерлік қызметтің бостандығына құқық кепілін іске асыру тек мемлекетке ғана байланысты емес, кәсіпкерлердің өздеріне және олардың қоғамдық бірлестіктеріне де байланысты. Шағын және орта кәсіпкерлік қазіргі әлемдік экономика жағдайында өз орнын жедел іздеу үшін өзінің икемділігін, ұтқырлығын, нарықтық объективтілігін пайдалануы керек.
3. Шағын кәсіпкерліктің дамуының жай-күйі, шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асырудың нәтижелері
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шараларын, облыстың шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының іс-шараларын іске асырудың нәтижесінде оның негізгі көрсеткіштерінің мынадай динамикасы байқалады.
2005 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыстық статистика басқармасының мәліметі бойынша облыста шағын бизнестің 10036 кәсіпорыны тіркелген- 2004 жылдың көрсеткішіне 108 %.
14750 шаруа қожалығы тіркелген, бұл 2004 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 7 % артық, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 13668. Жұмыс істейтін шаруа қожалықтарында жұмыспен қамтылғандар саны 34774 адам.
2005 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлердің саны 2004 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 21% артып, 41335 адамды құрады. Жеке кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны тиісінше 16 % артып, 80264 адамды құрады.
Шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны 21 % артып, 45872 адамды құрады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 2005 жылдың 9 айында бюджетке төлемдер 2004 жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 22% артып, 7253,3 млн.теңге құрады. 2005 жылдың 9 айында облыстың шағын бизнес саласында 8260 жаңа жұмыс орны құрылды (2004 жылы-9453, 2003 жылы-9092).
Облыстың атқарушы билік органдары шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларының негізгі бағыттары бойынша шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың және дамытудың іс-шараларын жүзеге асыруда.
Шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында облыстық бюджеттен:
«Шағын кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде дамыту үшін кредит беру» бағдарламасы бойынша 2003 жылы-25,3 млн. теңге, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беруге-103,5 млн. теңге;
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін кредит беру» бағдарламасы бойынша 2004 жылы- 38,7 млн. теңге, «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру» бағдарламасы бойынша - 156,5 млн. теңге;
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін кредит беру» бағдарламасы бойынша 2005 жылы- 20 млн. теңге, «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру» бағдарламасы бойынша - 110 млн. теңге бөлінді.
Облыстың екінші деңгейдегі банктері 2004 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30,4 млр. теңге кредиттік ресурстар берді, бұл 2003 жылға қарағанда 8 % артық. Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке 2005 жылғы 8 айда берген кредиттер сомасы 29,4 млр. теңге құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішіне-154 %. Облыстың шағын кәсіпкерлігіне берілген кредиттердің жеке салмағы жалпы көлемде 37,5 % құрайды.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалы іске кіріскеннен бастап жалпы сомасы 480,4 млн. теңге 62 жобаны қаржыландырды, 648 жаңа жұмыс орны құрылды. 2005 жылы 179,6 млн. теңге сомаға 21 жоба қаржыландырылды.
Облыс аумағында 5 ауылдық кредиттік серіктестік жұмыс істейді.
Шағын кәсіпкерлік үшін перспективті инвестиция көзі – шағын кредиттік ұйымдар. 2005 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша шағын кредиттік ұйымдар 383915 мың теңгенің 13816 шағын кредитін берген.
Шағын кәсіпкерлікті өндірістік қолдау шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін үй-жаймен қамтамасыз ету іс- шаралары жүзеге асырылуда. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2005 жылы өндірістік қызметті және халыққа қызметтер көрсетуді ұйымдастыру үшін соңынан меншікке беру құқығымен коммуналдық меншіктің 31 объектісі бір жылға сенімдік басқаруға (жалға) берілді, сенімдік басқару (жалдау) мерзімі біткеннен кейін 28 объект меншікке берілді. 1997 жылдан бастап соңынан меншікке беру құқығымен 250 объект сенімді басқаруға (жалға) берілді, 341 объект кәсіпкерлердің меншігіне берілді. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін пәтерлерді қайта жоспарлауға 2735 рұқсат берілді, оның ішінде 2005 жылы 229, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскелеріне құқықты куаләндыратын 7473 құжат жасалынып берілді, оның ішінде 4959 акті, 2514 жалға беру шарттары. Шағын бизнес кәсіпорындарына мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі шаралар жүргізілуде. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 2003 және 2004 жылдардағы жүргізілген сатып алудың жалпы сомасы жыл сайын 2 млр. теңгеден артық болды.
Облыста Өскемен және Семей қалаларында екі бизнес-инкубатор жұмыс істейді. 36 кәсіпорын орналастырылған.
Инновациялық жобаларды іске асыруға, шағын кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем көрсету мақсатында облыста ««Жәрдем» Шығыс Қазақстан облыстық инновациялық орталығы» ЖШС құрылды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдерін сатуға жәрдем көрсетуді қамтамасыз ету үшін облыстық коммуналдық базар ашылған, коммуналдық базар Жарма ауданында да жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 5 сәуірдегі қаулысымен Д.Серікбаев атындағы ШҚ мемлекеттік техникалық университетінің базасында «Алтай» өңірлік ғылыми-техникалық паркі құрылды. Бүгінгі күні оның аумағында 18 зертхана қызмет істеуде, облыс кәсіпорындарының 28 жобасы іске асырылуда.
Шағын кәсіпкерлікті информациялық қамтамасыз ету мақсатында және кадрлар дайындау үшін жұмыс істеп тұрған инфрақұрылым объектілерінің базасында кәсіпкерлер және жұмыссыз азаматтар үшін оқыту семинарлары және курстар ұйымдастырылады, тұрақты ақпараттық басылымдар шығару, интернат-сайттар құру қамтамасыз етіледі.
Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту, қайта оқыту және біліктіліктерін арттыру ұйымдастырылады, оның ішінде шағын бизнес мамандықтары бойынша.
Кәсіпкерлік қызметтің оң тәжірибесін тарату, іс-әрекеттің басым түрлерімен айналысатын кәсіпкерлерді көтермелеу мақсатында облыста 2005 жылғы 4 қазанда «2005 жылы шағын кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» республикалық конкурстың бірінші туры өткізілді.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттің қолайлы жағдайлар туғызуы кәсіпкерлердің қоғамдық бастамашылығын арттыруға әсерін тигізді. Салыстырмалы қысқа мерзім ішінде кәсіпкерлердің аумақтық, салалық және басқа да қауымдастықтары сияқты қоғамдық ұйымдарын қалыптастырып, сандарын көбейтуге, олардың қызметтерінің сапасын жаңа деңгейге көтеруге қол жетті.
Қолданыстағы заңнамалық актілерге, ҚР Президентінің, Үкіметінің тапсырмаларына, шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдармаларының ережелеріне сәйкес қоғамдық ұйымдармен келісілген шешімдер дайындау жөніндегі іс-шаралар жүргізу, кәсіпкерлердің қоғамдық бастамашылықтарын арттыру қамтамасыз етіледі.
Облыс әкімінің, қалалар мен аудандар әкімдерінің кәсіпкерлермен кездесулері тұрақты негізде қамтамасыз етіледі.
Облыс әкімдігінің қаулысымен Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер Кеңесі құрылды. Кеңес кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесу органы болып табылады. Кеңестің негізгі міндеттері: кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі ұсыныстар әзірлеу, кәсіпкерлікті дамыту саласында проблемаларды шешу жөніндегі ұсынымдар дайындау, облыстың кәсіпкерлік қауымдастықтарын және одақтарын біріктіру болып табылады.
Кеңестің құрамы биліктің атқарушы және өкілетті органдарының, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері мен қауымдастықтарының, оның ішінде Қазақстанның кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің «Атамекен» жалпы ұлттық Үйлестіру Кеңесінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өкілдерінен жасақталған.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері жөніндегі Сараптама Кеңестері облыстық мемлекеттік органдардың: әділет департаментінің, кедендік бақылау, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау, ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттігінің, қоршаған ортаны қорғау басқармаларының, төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының, салық комитетінің жандарында жұмыс істейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді тіркеу жүйесін ықшамдау мақсатында облыста 2004 жылғы 20 қыркүйектен заңды тұлғаларды тіркеу «бір терезе» қағидасы бойынша жүргізіле бастады.
Жеке меншікті қорғауды күшейтуге бағытталған жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі....
Скачать полную версию (153 Кб)
|