| ОСПРК «Атамекен»
«Атамекен Одағы» Шығыс Қазақстан облысының ұлттық экономикалық палатасы
2005 жылғы 24 наурызда Астана қаласында болған Қазақстан кәсіпкерлері Конгресінде Қазақстанның «Атамекен» кәсіпкерлер және жұмыс берушілер жалпыұлттық одағын құру туралы шешім қабылданды.Одақтың құрылтайшылары мен мүшелері Қазақстанның жетекші салалық кәсіпкерлер қауымдастығы болды. «Атамекен» Одағы 2005 жылғы 25 сәуірде ресми тіркелді.
1.1 «Қазақстанның «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер жалпыұлттық Одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, бұдан былай «Жалпыұлттық одақ» деп аталып, одақ формасындағы заңды тұлғалардың республикалық бірлестігі болып табылады.
1.2 Жалпыұлттық одақ коммерциялық емес ұйым болып табылады және ҚР Азаматтық кодексіне, ҚР 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» №142-11 Заңға және ҚР аумағында қолданылатын басқа нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Жарғыға және осыған сәйкес Жалпыұлттық одақтың съезі және Үйлестіру кеңесі қабылдаған шешімдерге сәйкес іс-әрекет жасайды.
1.3 Жалпыұлттық одақтың толық атауы:
- мемлекеттік тілде - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпы ұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігі;
- орыс тілінде - объединение юридических лиц «Общенациональный союз предпринимателей и работодателей Казахстана «Атамекен».
|
|
Қысқартылған атауы:
- мемлекеттік тілде «Атамекен» ЗТБ;
- орыс тілінде: ОЮЛ «Атамекен».
1.4 Жалпыұлттық одақтың тұрақты іс-әрекет жасайтын органның –ЖҰО атқарушы директорының орналасқан орны: ҚР,пошта индексі 010000,Астана қ., «Самал» ы/а,12 үй, 4-ші қабат.
1.5 Жалпыұлттық одақ өз қызметін ҚР барлық аумағында жүзеге асырады және мерзімді шектелмейді.Қазақстанның облыстарында және басқа әкімшілік-аумақтық құрылымдарда белгіленген тәртіпте құрылымдық бөлімшелер құрылуы мүмкін (өкілеттіктер, бөлімшелер).
3. ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ОДАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ҚАҒИДАЛАРЫ
3.1 Жалпыұлттық одақ келесі қағидалар негізінде ұйымдастырылған және іс-әрекет жасайды:
- Жалпыұлттық одақ мүшелігіне еркін кіру және құрамынан шығу;
- ЖҰО мүшелерінің тәуелсіздігі;
- ҚР Ата Заңын және ҚР қолданыстағы заңнамасын сақтау;
- Жалпыұлттық одақ және оның мүшелерінің қызметіне билік және басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар, саяси партиялар, жеке лауазымды адамдар тарапынан ҚР заңнамасында айтылған шеңберден шыққан қол сұғудың кез-келген формаларына тыйым салынады;
- жалпыұлттық одақ қызметінің жариялылығы, ашықтығы;
- Жалпыұлттық одақтың дербестігі, оның ішінде сан құрамы, қабылдау шарты мен тәртібі, жалпыұлттық одақ мүшелігі құрамынан шығару және басқа сұрақтарды қоса;
- Жалпыұлттық одақтың барлық сайлаулы және басқа тұлғалары съезге және Үйлестіру кеңесіне есеп береді;
- Жалпыұлттық одақтың съезімен және осы Жарғымен тікелей берілген өкілет пен міндеттер шеңберінде ЖҰО жетекші органдардың шешімдерін міндетті түрде орындау;
- Кеңінен және жан-жақты халықаралық ынтымақтастық.
4. ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ОДАҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ
Жалпыұлттық одақты құрудың негізгі мақсаты Қазақстан кәсіпкерлерін келесі міндеттерді жүзеге асыру үшін біріктіру болып табылады:
4.1 Жалпыұлттық одақ мүшелерінің құқықтарын, заңды мүдделерін көрсетіп-білдіру және қорғау;
4.2 Отандық бизнестің күрделі мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-әрекет жасау, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын әзірлеу, үйлестіру және жүзеге асыруға ықпал жасау;
4.3 Қазақстанның кәсіпкерлікті дамытуды реттейтін заңнамалық базасын жетілдіруге ықпал жасау;
4.4 Отандық әлеуметтік жауапты бизнесті қалыптастыруға қатысу;
4.5 Кәсіпкерлік қызметін талдау, осы салада қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді сараптау;
4.6 Әр деңгейдегі заңды және атқару билігі органдарына нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
4.7 Дербес, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен бірлесіп семинарлар, мәжілістер, көрмелер, оның ішінде халықаралық, өткізу;
4.8 Кәсіпкерлікті дамыту сұрақтары бойынша қазақстандық және халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс орнату және дамыту;
4.9 Қазақстанда аймақаралық және салааралық байланысты кеңейту және дамыту;
4.10 Жалпыұлттық одақ мүшелеріне құқықтық, кеңестік, ақпараттық қолдау көрсету;
4.11 меншікті мерзімді басылым шығару және бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерлік сұрақтарына қатысты әдістемелік және кеңестік сипаттағы материалдар жариялау;
4.12 Жалпыұлттық одақ мүшелерінің кәсіпқойлық біліктілігін жетілдіру бойынша оқытатын семинарлар, курстар ұйымдастыру;
4.13 Тұрмысы төмен тұрғындарды қолдауға, ұлттың денсаулығын жақсартуға, білімді дамытуға, мемлекеттік тілдің рөлін көтеруге және ұлтаралық, дінаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларына белсенді қатысу;
4.14 Кәсіпкерлікпен тікелей байланысты салаларда семинарлар, кеңестер, сараптау ұйымдастыру,өткізу;
4.15 ҚР қолданыстағы заңнамасы тыйым салмаған басқа қызметті жүзеге асыру.
Қызмет бағыты
Облыс кәсіпкерлігінің даму мониторингін үнемі жүргізу. (санақ, мәселелер, жетістіктер. т.б.)
Кәсіпкерлік заңнама әрекет талдауын, кәсіпкерлік қызметін реттейтін қосымша нормативтік актілер мен өзгертулер туралы ұсыныстарды дайындау.
Ұйымдастырушы - үйлестіруші қызмет:
- ОЮЛ «Атамекен» кәсіпорын орындаушы дирекциясы
- «Атамекен» филиалының мықты құрылымын (қалаларда, аудандарда) құру;
- экономикалық және құқықтық сұрақтар бойынша ақыл-кеңес жұмыстары және т.б.
«Атамекен» филиалына жаңа мүшелерді тарту.
НПО және мемлекеттік билік мүшелерімен өзара қарым-қатынас;
- Әлеуметтік-әріптестік бағдарламаларына қатысу;
- Тасымалдаушы мен құқықтық қызығушылығы, бизнес пен кәсіпкердің қарым-қатынасы, үкіметтік тасымалдаушы ұйымының мәселелік мәслихаттық кеңесін дайындау, өкілдік сарапшының қатысуы, (кеңес комисиясымен, жұмысшы топтар және де тағы басқа құрылымдар )
РR науқан ұйымы ОЮЛ «Атамекен» қызметі:
- СМИ бұрыштамалық фоматын насихаттау үлгісі
- «Атамекен» филиалының ұйыдастырушы мен позитивті мүшесі көмек көрсетіп жарнамалауда;
- Бұқаралық іс-шараның өткізілуі мен ұйымы (конкурстар, конференциялар, көрмелер,семинарлар, кеңестер т.б.)
Қолдау акциясы мен ұйымдастыру шараларын жүргізу
«Атамекен Одағы» ҚҰЭП-ның жоғарғы офисы Астана қаласындағы мына мекен-жайда орналасқан:
Қабанбай батыр даңғылы 37, 3-блок, 5 подъезд.
e-mail: palata atameken@mail.ru
«Атамекен Одағы» Шығыс Қазақстан облысының ұлттық экономикалық палата филиалы мына мекен-жайда: Өскемен қаласы, Сәтпаев даң-лы,62, 408 офис
тел/факс 203-783, 203-757
e-mail: atamekenvko@mail.kz
“Атамекен” Одағы” Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының құрылтайшылары
1 |
АБДРАХМЕТОВА Әлия Советқызы |
ҚР алкогольсіз сусындар мен шырындар өндірушілер Қауымдастығының атқарушы директоры |
2 |
АЛЕКСАНДРОВ Вячеслав Олегович |
Қазақстан полиграфистер Қауымдастығының президенті |
3 |
АЛШАНОВ Рахман Алшанұлы |
ҚР жоғары оқу орындары Қауымдастығының президенті |
4 |
АШЛЯЕВ Хазбулат Сопыжанұлы |
«ҚР тұтыну кооперациясының Одағы» ЗТБ төрағасы |
5 |
АХАНОВ Серік Ахметжанұлы |
Қазақстан қаржыгерлер Қауымдастығының төрағасы |
6 |
ӘБІШЕВ Нұрсадық Қалиұлы |
ҚР нарығының, сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындары Қауымдастығының төрағасы |
7 |
БӘЙКЕНОВ Қадыр Қарқабатұлы |
Жұмыс берушілер Конфедерациясы Басқармасының төрағасы |
7 |
БАҚТЫБАЕВ Саин Рысбайұлы |
Қазақ мақта Қауымдастығының атқарушы директоры |
8 |
БӘЙКЕНОВ Қадыр Қарқабатұлы |
Жұмыс берушілер Конфедерациясы Басқармасының төрағасы |
9 |
БЕРКМАН Анатолий Абрамович |
«Медфарм Қазақстан» Қауымдастығының президенті |
10 |
ГАЛИМОВ Фарид Хабибрахманұлы |
Қазақстан құрылысшылары Қауымдастығының атқарушы директоры |
11 |
ГЛУХОВ Михаил Николаевич |
ЖиҺаз бен ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары Қауымдастығының президенті |
12 |
ДАУЫТҚҰЛОВ Аянбек Дауытқұлұлы |
Қазақстан темекі өндірушілер қауымдастығының президенті |
13 |
ДВОРЕЦКИЙ Владимир Яковлевич |
«Республикалық қайтарма металлургия өнеркәсіпшілерінің одағы» Қауымдастығының төрағасы |
14 |
ЖҮСІПОВ Шалқар Аманғосұлы |
Қазақстанның шағын несие беру ұйымдары Қауымдастығының төрағасы |
15 |
ЗАХАРОВ Андрей Михайлович |
Қазақстан франчайзинг Қауымдастығының президенті |
16 |
ИСИН Нұрлан Құрманғалиұлы |
«Қазақстан IТ-компаниялар қауымдастығы» ЗТБ президенті |
17 |
КӨШЕРБАЕВ Ермек Беделбайұлы |
Қазақстан мұнай-газ саласының ұйымдары Қауымдастығының атқарушы директоры |
18 |
КӨШКІМБАЕВ Сапар Хайсаханұлы |
ҚР аудиторлар Палатасының вице-президенті |
19 |
КУЛИКОВА Валентина Куприяновна |
Қазақстан телерадиотарату Ұлттық Қауымдастығының президенті |
20 |
ҚАЖЫКЕН Мейірім Зекешұлы |
Қазақстан машинақұрылыс Қауымдастығының төрағасы |
21 |
МЕЩЕРЯКОВ Николай Ильич |
Қазақстан астық өңдеушілер мен нан пісірушілер Одағының құрылтайшылар Кеңесінің төрағасы |
22 |
МЫРЗАХМЕТОВ Абылай Исабекұлы |
Қазақстан Сауда-өнеркәсіптік палаталардың мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-әрекет жасау Одағының президенті |
23 |
НИЯЗБЕКОВ Нұрмахан Сәрсенұлы |
Қазақстан құс өсірушілер Одағының президенті |
24 |
ӨМІРБАЕВ Әділхан Абдрахманұлы |
Қазақстан фермерлер Одағы Президентінің кеңесшісі |
25 |
ПОПЕЛЮШКО Анатолий Висханович |
Қазақстан тағам өндірушілер мен өңдеу өнеркәсіптері Одағының президенті |
26 |
РАДОСТОВЕЦ Николай Владимирович |
Қазақстанның кен өндіру және кен-металл кәсіпорындары республикалық Қауымдастығының атқарушы директоры |
27 |
РЯБОВА Зоя Нурулловна |
Қазақстан сыра шығарушылар Одағының атқарушы директоры |
28 |
САҚТАҒАНОВ Мақсат Әбдірұлы |
«КазАТО» халықаралық автомобиль тасымалдау Одағының президенті |
29 |
САМАРЕНКО Анатолий Иванович |
ҚР кәсіпқой білім ұйымдары Қауымдастығының президенті |
30 |
СЕЙФУЛЛИН Сәкен Орынбекұлы |
Қазақстанның сүт және сүт өнімдерін өндірушілер Қауымдастығының тең төрағасы |
31 |
ТЕН Игорь Викторович |
«КАТЭКС» электртұрмыстық, компьютерлік техника мен күрделі техникалық жүйелер тауарларын өндірушілер мен сауда компаниялары Қазақстан Қауымдастығының президенті |
32 |
ТІЛЕУБАЕВ Нұрлан Сақтапбергенұлы |
Қазақстан астық Одағының президенті |
33 |
ХУДОВА Любовь Николаевна |
ҚР жеңіл өнеркәсіп Қауымдастығының президенті |
34 |
ШЕСТАКОВ Геннадий Алексеевич |
ҚР кеден брокерлері Қауымдастығының төрағасы |
|