 |
«Қазақстандық сертификаттау және стандарттау институты» РММ-нің Шығыс-Қазақстандық филиалы |
Басшысы: Тоғанасова Дина Нұрғазиновна
Алдағы уақытта Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты «Қазақстандық сертификаттау және стандарттау институты» негізінде саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Ақпараттық орталық құрылды. Ақпараттық орталықтар республиканың 15 облысында ашылды. «Қазақстандық сертификаттау және стандарттау институты» РММ Шығыс-Қазақстандық филиалы - солардың бірі Өскемен қаласында жұмыс істейді. «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының 10 бабына сәйкес /11.07.2005 ж. № 718 ҚР ҮҚ/ Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіп бойынша Ақпараттық орталық құрылып, қызмет жасайды.
Орталықтың қызметі:
- ДСҰ Хатшылығының хабарламаларын өңдеу, өнім, үрдіс сәйкестігін растау шаралары және оларға өзгерістер енгізу, стандарттау, мүдделі тараптарды ТБТ және СФС бойынша ДСҰ-ның Келісімдеріне сәйкес ақпаратпен қамтамасыз ету, мүдделі тараптарды техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында қолданыстағы немесе дайындалып жатқан нормативті құжаттар туралы ақпаратпен және олардың көшірмесімен қамтамасыз ету,
- нормативті құжаттарды енгізу және маңыздылығын арттыру, техникалық реттеу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, санитарлық және фитосанитарлық шара жұмыстарын ұйымдастыру, ұйымдық стандарттау жобаларын, мекеменің каталогтық беттерін сараптау және дайындау,
- техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы нормативті құжаттарды құрастырушы тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы нормативті құжаттармен пайдаланушыларды қамтамасыз ету;
- ұйымның стандарттарын тіркеуді жүзеге асыру бойынша жұмыстар ұйымдастыру.
Қазіргі таңда біз ғаламдық нарық талаптарымен жұмыс істейміз және өмір сүрудеміз. Мекемелерде халықаралық стандарт талаптарына сәйкес, сапа менеджменті жүйесінің болуы, оның сапасы мен қауіпсіздігі және сенімділігінің кепілі бола алады. СМЖ-нің басты принциптері мемлекеттік басқару органдарына, білім беру жүйесі мекемелерінде, сондай-ақ бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындарында қолдануға тиімді. Қазіргі таңда СМЖ-ін енгізу және дайындау бойынша консалтингтік қызметтерді көрсететін мекемелердің бірі болып, «Қазақстандық сертификаттау және стандарттау институты» РММ табылады.
Құрметті кәсіпкерлер, стандартты пайдаланушылар және оқырмандар! Біз Сіздерге Өскемен қаласында мекеменің филиалы ашылғандығы жөнінде хабарлауға қуаныштымыз және Сіздерді әріптестікке шақырамыз.
Біздің мекен-жайымыз: Өскемен қ., Қазақстан к-сі 5, 402 кеңсе,
телефон 8 (7232) 52-50-90
E- mail: vk_kazinst@mail.ru.
Интернет-магазин http://memst.kz
«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - Институт) – стандарттау бойынша нормативті құжаттарды іске асыру жөнінде – Интернет-дүкені (бұдан әрі - Интернет-дүкені) ақпараттық жүйесін әзірледі және ендірді.
Біздің Интернет-дүкенінде (ҚР СТ) мемлекеттік стандарттардың, мемлекетаралық стандарттардың, Қазақстан Республикалық аумағында қабылданған (ГОСТ), аймақтық стандарттардың (ГОСТ Р, СТБ), шетелдік елдердің ұлттық стандарттардың (ASTM, BSI, DIN), халықаралық стандарттардың (ИСО, МЭК, ИСО/МЭК) электронды көшірмелерін және стандарттау бойынша басқа құжаттар.
Институттың Интернет-дүкені арқылы таратылатын ақпараттық өнімі дұрыс, көкейтесті ақпаратты және ресми статусқа ие.
Институттың Интернет-дүкені Техникалық реттеу және метрология Комитеттік сайтының жүйесі болып табылады және http://memst.kz мекенжайы бойынша электронды қызметтер бөлімінде арналасқан.
Халықаралық стандарттау күні
ИСО стандарттау бойынша Халықаралық ұйымның бастамасымен 1970 жылдан бастап Халықаралық стандарттау күні жыл сайын аталып өтіледі. Халықаралық күнді үнемі өткізу идеясы жаһанды стандартизациялаудың маңызын жоғарлату, оның бизнестегі, өнеркәсіп кәсіпорындарындардағы, басқарма құрылымдарындағы және әлемдік масштабтағы тұтынушылардың мүддесін қамтамасыз етудегі рөлін анықтау болып табылады.
Осы жылы Халықаралық стандарттар күні «Халықаралық стандарттар. Жаһанды сенімді құру» ұранымен өтеді.
Халықаралық стандарттар әр қызығушылық танытқан жақ экономиканың дамуында өзінің үлесін қоса алатындай сенімділік тудырады, стандарттар ашық және мөлдір ортада өңделеді.
ХЭК /Халықаралық электротехникалық комиссиямен/, ИСО, /стандарттау бойынша халықаралық ұйым/ және ХЭО /халықаралық электробайланыс одағымен/ әзірленген халықаралық стандарттар ұсынатын құралдардың көмегімен әлемдік деңгейде нәтижелі және ұтымды енгізіледі, қажет етілген қағидалары мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар тәжірибелік қолданысқа ауыстырылады.
Қазіргі уақытта Техникалық регламенттердің және стандарттардың мемлекеттік қорында стандарттау бойынша 64 453 нормативтік құжаттар бар, соның ішінде мемлекеттік, халықаралық, ұлттық және жергілікте стандарттар. Мемлекеттік стандарттар деңгейінде 3 721 бірлік қабылданды, оның ішінде халықаралық талаптармен үйлестірілген – 2 562 бірлік, ол жалпы үйлестіру пайызын құрайды - 68,8 %.
Қазақстан Республикасында экономика саласындағы стандарттарды әзірлеу үшін үлкен жұмыс тәжірибесі бар білікті, 15 ТК ИСО жұмысына «айна» ретінде белсенді қатысатын мамандары бар стандарттау бойынша 49 техникалық комитет жұмыс істейді.
Қазақстан индустрилизациясының картасына сәйкес халықаралық талаптармен үйлесетін мемлекеттік стандарттарды әзірлеу қажеттілігіне саралау өткізілді. Өткізілген саралау нәтижесінде бүгінгі күні отандық өнім мемлекет аралық стандарттарға сәйкес немесе ұйымның стандарттары бойынша шығарылатыны анықталған.
Сондай-ақ саралау Қазақстанның индустриализациясынының картасының жобаларын сапалы жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді қарастыру қажет екендігін көрсетті:
- сәйкестікті растау мекемелері мен сынақ зертханалырын құру;
- жоғарғы біліктілікті мамандарды оқыту;
форсирленген индустриялды-инновациялық даму 2010-2014 ж. мемлекеттік бағдарламада көрсетілген нормативтік құжаттарды даярлау. Мысалға, әлгіде ғана Республикамызда ойын алаңдарына қатысты мемлекеттік стандарттар болған жоқ, алайда 2011 жылдың 1 қаңтарынан ҚР СТ 1950-2010 «Аттракциондардың қауіпсіздігі. Атқыш аттракциондар. Жалпы техникалық шарттар», ҚР СТ ГОСТ Р 52300-2010 «Балаларға арналған ойын алаңдарының жабдықтары. Конструкция қауіпсіздігі және әйткеншектердің бақылау әдістемелері. ЖТШ», ҚР СТ ГОСТ Р 53102-2010 «Балаларға арналған ойын алаңдарының жабдықтары. Терминдер мен анықтамалар» сияқты Қазақстанда аймақтық мемлекеттік стандарттар енгізілген, ал стандарт ҚР СТ ГОСТ Р 53130-2010 «Аттракциондардың қауіпсіздігі. ЖТШ» 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілді. Қазіргі күні бақылау әдістемелеріне екі Ресей Федерациясының ұлттық стандарттарымен үйлестірілген мемлекеттік стандарттар әрекет етеді. Бұл ҚР СТ ГОСТ Р 52168-2009 «Балаларға арналған ойын алаңдарының жабдықтары. Конструкция қауіпсіздігі және төбешіктердің бақылау әдістемелері. Техникалық шарттар» және ҚР СТ ГОСТ Р 52169-2009 «Балаларға арналған ойын алаңдарының жабдықтары. Конструкцилардың қауіпсіздігі және бақылау әдістемелері. Техникалық шарттар». Балалар ойыншықтары бойынша біздің елімізде «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» Заң қабылданып, қолданылады, сонымен қатар «Балаларға арналған бұйымдарға және өнімдерге қауіпсіздік талаптар» техникалық регламент қолданады, бұл ойыншықтың-өнімнің түріне байланысты бала өмірі және денсаулығы үшін химиялық, биологиялық, механикалық, өрт сөндіру, электрлік, термиялық, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар орнатады. Ойыншықтарды өндірушілер және сауда нүктелеріндегі сатыушылар «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламент талаптарын сақтауға міндетті.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында өнімге 97 техникалық регламент қабыдланған. Техникалық регламеннтерді дамыту, өнімге деген сәйкестікті растау және бағалау үшін қазіргі кезде қолданыстағы мемлекеттік стандарттарды үйлестіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде, бұл іс-шаралар міндетті түрде өндірістерді жетілдіруге, құралдармен қайта жабдықтауға және отандық өнімдердің бәскелестікке қабілеттігін арттырып, экспорт нарығына шығарады.
«Стандарттау және сертификаттаудың қазақстандық
институты» РМК Шығыс-Қазақстан филиалы СТБ және СФС жөнінде Ақпараттық орталық хабарлайды
Астана қаласында ағымдағы жылдың 17 және 20 қаңтары аралығында өткен Кеден одағының Комиссиясының уақытша жұмыс тобының отырысында 2011-2015 жылдарына Кеден одағының біріңғай техникалық реттеу жүйесінің, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану дамуының Стратегиясының жобасы жасалынды.
Стратегия жобасы 2008 жылдың 25 қаңтарынан техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар аясындағы келісімді саясатын жүргізу туралы Келісімнің және Белорус Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің біріңғай принциптері мен ережелері туралы Келісім жобасының маңызды бағыттарына сәйкес жасалынған.
Стратегия жобасы Кеден одағының Үйлестіруші комитетінің отырысында қаралып, Мемлекетаралық Кеңестің бекітуіне әкелетін Кеден одағының Комиссиясының мүшелеріне қолдауға шығарылады.
Жұмыс тобы отырысының жұмысына Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының және Белорус Республикасының сарапшылары қатысты.
Реестр хабарландырулары
Қабылданған техникалық регламентар тізімі
|