|
Орта және шағын бизнес
Шағын және орта бизнес кәсіпорындары
«Бизнестің жол картасы – 2020»
Шығыс Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнесті
дамыту және қолдау туралы
ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының 2011 жылғы 1 қазандағы шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер саны 2010 жылдың ұқсас кезеңінен 2,2% артты және 5130 бірлікті құрады.
Облыс бойынша шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 147 бірлікке артты және 4664 кәсіпорынды құрады, 2010 жылдан 3,3% артық.
Шағын және орта бизнестегі жұмыспен қамтылғандар саны 2010 жылмен салыстырғанда 122015 адам немесе 106% құрады.
Шағын және орта бизнес субъектілерімен өнім (тауарлар, қызметтер) шығару 271,8 млрд. теңгені немесе 2010 жылға 102,5% құрады.
2011 жылғы 9 айдағы шағын және орта бизнес субъектілерінен түскен салық түсімінің көлемі 42,3 млрд. теңгені құрады, ол 2010 жылдан 32,7% немесе 10,4 млрд. теңгеге артық, соның ішінде жергілікті бюджетке аталған салық төлеушілер сатысымен 14,1 млрд. теңге ақша аударылды, ол 2010 жылы 118,2% немесе 2,2 млрд. теңгеге артық.
Қаржылай қолдау мақсатында өткен жылғы сәуірден бастап «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын іске асыру басталды.
Аталған бағдарламаны іске асыру шеңберінде 1, 3 және 4 бағыттары бойынша 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 3 419 933,6 мың теңге сома қаражат қарастырылды, соның ішінде:
бірінші бағыт
- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 316 770,4 мың.теңге;
- кредиттерді кепілдік ету 161 255,5 мың.теңге;
- индустриялық инфрақұрылымды дамыту 1 383 590,0 мың.теңге.
- үшінші бағыт
- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 1 180 150,1 мың.теңге.төртінші бағыт
- сервистік қызметтер 97 818,0 мың.теңге;
- іскер байланыстар 13 350,0 мың.теңге.
Бағдарламаның үш бағыты бойынша облыс кәсіпкерлерінен Екінші деңгейдегі банктерге қарауға кредиттерінің жалпы сомасы 27,7 млрд.теңгеге субсидиялауға 80 өтінім келіп түсті.
Бағдарламаның бірінші бағыты «Жаңа бизнес-бастамашылықты қолдау» бағыты бойынша Екінші деңгейдегі банктерге қарауға кредиттерінің жалпы сомасы 9,6 млрд.теңгеге 42 өтінім келіп түсті.
Қазіргі уақытта кредиттің жалпы сомасы 5,7 млрд. теңгеге 29 өтінім субсидиялауға Өңірлік Үйлестіру Кеңесімен мақұлданды және Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілді.
«Кәсіпкерлік саланы сауықтыру» екінші бағытты іске асыру шеңберінде банктерге қарауға жалпы сомасы 8,9 млрд.теңгеге 27 өтінім ұсынылды. ҚР Үкіметі жанындағы Жұмыс тобымен қарауға 16 жоба жолданды. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 6 млрд. теңгеге 7 жоба субсидиялауға мақұлданды.
«Кәсіпкерлердің валюталық қауіптілігін төмендету» үшінші бағытты іске асыру шеңберінде Банктерге экспортқа бағытталған өнімді қолдауға жалпы сомасы 11,4 млрд.теңгеге 11 өтінім келіп түсті, (3 бағыт бойынша ЕКБ түскен өтініштер саны нақты мәліметтерге сәйкес емес).
Кредиттерінің сомасы 13,9 млрд.теңгеге 12 өтінім Өңірлік үйлестіру кеңесімен мақұлданды және ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілді.
Жеткіліксіз өндірістік инфрақұрылым өткізу шеңберінде 2010 жылы ӨҮК мақұлданған 427,2 млн. теңге сомаға «Арматура зауыты ауданындағы Машинастроителей көшесі бойынша бизнесті индустриялық дамыту аймағын құру» және «Өскемен қаласындағы Защита станциясына «Азия Авто» темір жол торабының кіріс жолы» 2 жоба іске асырылуда.
Ағымдағы жылы «Шемонаиха қаласындағы шекара жанындағы ынтымақтастық үшін агроөндірістік, көлік логистикалық орталық» жобасын іске асыру шеңберінде 162,7 млн. теңге сомаға сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау желілерін тарту жөніндегі жұмыстар жүргізуге ЖК «Арман» өтінімі ӨҮК мақұлданды және ЭДСМ келісілді.
277,8 млн. теңге сомаға («Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласындағы «СМУ-Шығыс» ЖШС (су тартатын желілер, жылу желісі, кәріз желісі, электрмен жабдықтау, ішкі алаңдық жолдар) өндірістік базасының инфрақұрылы» жұмыс жобасы) «СМУ-Шығыс» ЖШС өндірісітік инфрақұрылымды өткізуге.
ЖК Г.С. Еңсебаеваның 17,5 млн. теңге сомаға өндірістік инфрақұрылымды өткізу жөніндегі «Семей қаласындағы емхана құрылысы» жобасы шеңберінде іске асырылуда.
«Өскемен құс фабрикасы» АҚ ШҚО Ұлан ауданындағы кәсіпорын инфрақұрылымының (индустриялық) объектілерін қайта құрумен жылына 20000 тонна ет «ӨҚФ» АҚ кеңейту» жобасы шеңберінде 1811,7 млн.теңге сомаға жеткіліксіз өндірістік инфрақұрылым өткізу жөнінде ҚР ЭДСМ келісуге жолданды.
«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» төртінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен мамандандырылған сервистік қызмет көрсету үшін ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс өткізілді Қызмет көрсету бойынша жеткізуші анықталды - «Алтай» Шығыс Қазақстан Өңірлік ғылыми-технологиялық парк» ЖШС консорциум және «КазБизнес-Консалтинг» ЖШС.
Ағымдағы жылғы мамырдан шағын және орта бизнес субъектілеріне заңды кеңестер, консалтингтік, маркетингтік және басқа қызметтер көрсету жөніндегі жұмыс өткізіледі.
2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Сервистік орталықпен 42,8 млн. теңге сомаға облыс кәсіпорындарына 671 қызмет көрсетілді, соның ішінде: бухгалерлік есеп енгізу және есептілік құру бойынша 191 қызмет, статистикалық есеп құру бойынша 30 қызмет, кеден рәсімдері бойынша 73 қызмет, маркетинг және сапа менеджменті мәселелеріндегі кеңес бойынша 192 қызмет, ақпараттық технологиялар саласындағы қызмет көрсету жөніндегі 82 қызмет. Қазіргі уақытта Сервитік қызметтер ұсынуға 44 өтінім істе жатыр.
«Бинес-Кеңесші» құрауышы бойынша Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен екінші жартыжылдықта бизнес негізіне оқыту семинарларын өткізу кестесін бекітті. Курстар облыстың әрбір өңірінде ағымдағы жылғы 15 қазанға дейін өткізу жоспарлануда.
«Шағын және орта бизнестің топ-менеджментіне оқыту» құрауышы бойынша «Назабаев Университет» АҚ базасында ЭДСМ бекітуге шағын және орта бизнестің 20 өтінімі жолданды, 13 өтініш беруші оқыды.
«Іскер байланыс» құрауышы бойынша қазіргі уақытта облыстан «Даму» КДҚ» АҚ-на шағын және орта бизнестен 30 өтініш ұсынылды, 4 кәсіпкер оқыды. Қазіргі уақытта шетелде (Германия) сынақ мерзімін өткізу үшін 1 кәсіпкер (ЖК К.Ж. Азербаева, Семей қаласы) мақұлданды. 2 кәсіпорын бекітуде жатыр («ШҚ бұғы мүйізімен емдеу орталығы» ЖШС, «КрисАналит» ЖШС, Өскемен қаласы).
|