Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк сала қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау және ынталандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 111-IV Заңы

 

"Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 27 желтоқсан, N 420-421 (25390)


 

       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 13, 86, 87-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 99-құжат; N 18, 113-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 17, 139-құжат; N 20, 152-құжат):
      6-баптың 2-тармағындағы "ауылдық жерге жұмыс iстеуге жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шаралары жүйесiн, сондай-ақ әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi мен оның мөлшерiн" деген сөздер "ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат):
      51-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Мемлекеттiк денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылады.".

      3. "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 13, 52-құжат; 2007 ж., N 5-6, 42-құжат; N 18, 145-құжат):
      1) 5-баптың 14) тармақшасындағы "айқындау кiредi." деген сөздер "айқындау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) осы Заңның 18-бабының 8-тармағында көзделген әлеуметтiк қолдау шараларының мөлшерiн және оларды ұсыну тәртiбiн айқындау кiредi.";

      2) 7-бапта:
      3-тармақтың 3) тармақшасындағы "тыңдау кiредi." деген сөздер "тыңдау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн және тұратын денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтiк қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттағы қызметкерлерге әлеуметтiк көмектiң өзге де шараларын айқындау кiредi.";
      4-тармақтың 7) тармақшасындағы "беру кiредi." деген сөздер "беру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн және тұратын денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру кiредi.";

      3) 18-бап мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      "7. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елдi мекендерде орналасқан мекемелерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың айлықақыларымен және тарифтiк ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес процент жоғары айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленедi.
      8. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмi бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу үшiн әлеуметтiк қолдау көрсетiледi.".

      4. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 24, 147-құжат):
      26-баптың 3-тармағындағы "заңдарымен көзделген жеңiлдiктер" деген сөздер "заңнамасында көзделген әлеуметтiк қолдау шаралары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 20, 151-құжат):
      53-бапта:
      2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру саласының педагог қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылады.
      2-2. Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн, жеке меншiгiнде малы бар бiлiм беру саласының педагог қызметкерлерiне жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмi бойынша жемшөп, мал жаю және шөп шабу үшiн жер учаскелерi берiледi.".

      2-бап . Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                                         Н. Назарбаев