Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi № 88-V Заңы

 

"Егемен Қазақстан" 20.04.2013 ж. № 111 (28050); "Казахстанская правда" от 20.04.2013 г. № 139-140 (27413-27414); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат


 

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады. 

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 31-баптан қараңыз.

      Осы Заң мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

     1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;
      2) «бiр терезе» қағидаты – мемлекеттiк қызметтi орталықтандырып көрсетудiң мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен тiкелей байланысын шектеудi көздейтiн нысаны;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушы – орталық мемлекеттiк органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiн, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерiн қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
      4) көрсетiлетiн қызметтi берушi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсететiн орталық мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
      5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет – көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi;
      6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын сақтау жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн және көрсетiлетiн қызметтi берушiлер қызметiнiң тәртiбiн, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт;
      7) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты – мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесiн қамтитын нормативтiк құқықтық акт;
      8) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сыныпталған тiзбесi;
      9) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы – көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат ұсыну жөнiндегi жұмысты қамтамасыз ететiн ақпараттық-анықтамалық қызмет;
      10) мемлекеттiк қызметтер көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесi – мемлекеттiк қызметтер көрсету, оның iшiнде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету процесiн автоматтандыруға және мониторингiлеуге арналған ақпараттық жүйе;
      11) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингi – жеке тұлғалардың, коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының деңгейi туралы ақпаратты жинау, талдау және ұсынымдарды тұжырымдау жөнiндегi қызметi;
      12) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау – көрсетiлетiн қызметтi алушыларды орталық мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi көрсететiн қолжетiмдi және сапалы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтермен қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиiмдiлiгiн айқындау жөнiндегi қызмет;
      13) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау – орталық мемлекеттiк органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтауын тексеру және мониторингiлеу жөнiндегi қызмет;
      14) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган – өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;

      15) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн автоматтандыру – электрондық нысанда мемлекеттiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ету үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң әкiмшiлiк процестерiн түрлендiру рәсiмi;
      16) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн оңтайландыру – мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн оңайлатуға, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн, көрсетiлетiн қызметтi алушылар ұсынатын құжаттардың тiзбесiн, сондай-ақ оны көрсету процесiнiң буындарын қысқартуға, оның iшiнде автоматтандыру арқылы қысқартуға бағытталған iс-шара;
      17) мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы уәкiлеттi орган – мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;
      18) халыққа қызмет көрсету орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «бiр терезе» қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуге өтiнiштер қабылдау және олардың нәтижелерiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәлiметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтер көрсетудi қамтамасыз ететiн заңды тұлға;
      19) «электрондық үкiметтiң» веб-порталы – нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, бүкiл шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге қол жеткiзудiң бiрыңғай терезесi болатын ақпараттық жүйе.

       2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтер
             көрсету саласындағы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      3-бап. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң негiзгi
             қағидаттары

      Мемлекеттiк қызметтер мынадай негiзгi қағидаттар негiзiнде көрсетiледi:
      көрсетiлетiн қызметтi алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бiр кемсiтушiлiксiз теңдей қол жеткiзуi;
      мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;
      мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы есеп берушiлiк және ашықтық
      мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi;
      мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiн үнемi жетiлдiру;
      мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiндегi үнемдiлiк және тиiмдiлiк.

      4-бап. Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың құқықтары

      1. Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың:
      1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет туралы толық және анық ақпарат алуға;
      2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға;
      3) орталық мемлекеттiк органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен шағымдануға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi қағаз және (немесе) электрондық нысанда алуға;
      5) осы Заңның 15-бабында көзделген тәртiппен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауларға қатысуға;
      6) мемлекеттiк қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделердi қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдiк заңды тұлғалар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең жағдайда алады.

      5-бап. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң құқықтары мен
             мiндеттерi

      1. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң:
      1) орталық мемлекеттiк органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерiне мемлекеттiк қызметтер көрсетуге қажеттi ақпарат үшiн сұрау салумен жүгiнуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тартуға құқығы бар.
      2. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлер:
      1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары мен регламенттерiне сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсетуге;
      2) мүмкiндiгi шектеулi адамдардың мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуы кезiнде оларға қажеттi жағдайлар жасауға;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы қолжетiмдi нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
      4) орталық мемлекеттiк органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерiне, өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге, халыққа қызмет көрсету орталықтарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтердi көрсету, оның iшiнде ақпараттық жүйелердi интеграциялау арқылы көрсету үшiн қажеттi құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
      5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында белгiленген мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi өткенге дейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесiн халыққа қызмет көрсету орталығына жiберуге;
      6) мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға;
      7) көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдарын осы Заңда белгiленген мерзiмдерде қарауға және оларды қарау нәтижелерi туралы хабардар етуге;
      8) көрсетiлетiн қызметтi алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң орындалу сатысы туралы хабардар етуге;
      9) көрсетiлетiн қызметтi алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiруге бағытталған шараларды қолдануға;
      10) мемлекеттiк қызметтер көрсету үшiн қажеттi мәлiметтердi қамтитын ақпараттық жүйелердiң iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге;
      11) мемлекеттiк қызмет көрсету сатысы туралы деректердi мемлекеттiк қызметтер көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесiне ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен енгiзудi қамтамасыз етуге;
      12) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алуға мiндеттi.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк
             қызметтер көрсету саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
      2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн бекiтедi;
      3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiтедi;
      4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiтедi;
      5) оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiн және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзiмдерiн бекiтедi;
      6) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлуге жататын мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу қағидаларын бекiтедi;
      7) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттiк органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерiмен, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл қағидаларын бекiтедi;
      8) бiр өтiнiш негiзiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
      9) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекiтедi;
      10) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңымен, өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен өзiне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      7-бап. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және
            бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретi

      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      2) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады;
      3) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;

      4) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi туралы ақпарат сұратады;
      5) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      6) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыруды және iске асыруды жүзеге асырады;
      7) жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi қоғамдық кеңестердi құрады;
      8) жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргiзу жөнiнде ақпараттық, консультациялық, әдiстемелiк қолдау көрсетедi;
      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      8-бап. Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы уәкiлеттi
            органның құзыретi

      Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын әзiрлейдi;
      3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн әзiрлеудi және жүргiзудi жүзеге асырады;
      4) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары мен регламенттерiн әзiрлеу жөнiндегi қағидаларды әзiрлейдi және бекiтедi;
      5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын келiсудi жүзеге асырады;
      6) орталық мемлекеттiк органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын және (немесе) регламенттерiн әзiрлеу жөнiндегi қызметiне мониторинг жүргiзедi;
      7) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң құнын айқындау әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      8) орталық мемлекеттiк органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi есебiнiң қалыптастырылу тәртiбiн, ұсынылу мерзiмдерiн және үлгi нысанын әзiрлеп, бекiтедi;
      9) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      9-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның
             құзыретi

      Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      2) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметiнiң қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      3) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлуге жататын мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу қағидаларын әзiрлейдi;
      4) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      5) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн және олардың көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимылын үйлестiредi;
      6) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн әдiснамалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      7) оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiн және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзiмдерiн әзiрлейдi;
      8) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi;
      9) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы қызметiнiң қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      10) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттiк органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерiмен, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл қағидаларын әзiрлейдi;
      11) мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң электрондық нысанын және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттiк қызметтер көрсетудi көздейтiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын келiсудi жүзеге асырады;
      12) электрондық нысанда және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер стандарттарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      13) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзiрлейдi;

      14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      10-бап. Орталық мемлекеттiк органдардың құзыретi

      Орталық мемлекеттiк органдар:
      1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын әзiрлейдi;
      2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      3) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етедi;
      4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары мен регламенттерiнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
      5) көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы хабардар болуын қамтамасыз етедi;

      6) көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өтiнiштерiн қарайды;
      7) көрсетiлетiн қызметтi алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiруге бағытталған шараларды қолданады;
      8) мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;
      9) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру жөнiнде шаралар қолданады;
      10) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргiзу үшiн ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде ұсынылуын қамтамасыз етедi;
      11) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органға электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасын бағалауды жүргiзу үшiн ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде ұсынылуын қамтамасыз етедi;
      12) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттiк қызметтер көрсету үшiн қажеттi мәлiметтердi қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетiмдiлiктi ұсынады;
      13) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығына мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпарат ұсынады;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылауды жүргiзедi;
      15) көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етедi;

      16) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
              астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар
              қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының,
              қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар,
              кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң
              құзыретi

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi:
      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етедi;
      2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары мен регламенттерiнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;

      3) көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы хабардар болуын қамтамасыз етедi;
      4) көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өтiнiштерiн қарайды;
      5) көрсетiлетiн қызметтi алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiруге бағытталған шараларды қолданады;
      6) мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;
      7) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру жөнiнде шаралар қолданады;
      8) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргiзу үшiн ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде ұсынылуын қамтамасыз етедi;
      9) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органға электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасын бағалауды жүргiзу үшiн ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде ұсынылуын қамтамасыз етедi;
      10) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттiк қызметтер көрсету үшiн қажеттi мәлiметтердi қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетiмдiлiктi ұсынады;
      11) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығына мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпарат ұсынады;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылауды жүргiзедi;
      13) көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етедi;
      14) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК КӨРСЕТIЛЕТIН ҚЫЗМЕТТЕР ТIЗIЛIМI,
СТАНДАРТЫ ЖӘНЕ РЕГЛАМЕНТI

      12-бап. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмi

      1. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне енгiзiлуге жатады.
      2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмi:
      мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң атауын;
      көрсетiлетiн қызметтi алушы (жеке және (немесе) заңды тұлға) туралы мәлiметтердi;
      мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын әзiрлейтiн орталық мемлекеттiк органның атауын;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атауын;
      өтiнiштер қабылдауды және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн берудi жүзеге асыратын ұйымдардың атауын және (немесе) мемлекеттiк қызмет электрондық нысанда көрсетiлетiн жағдайда «электрондық үкiметтiң» веб-порталына нұсқауды;
      мемлекеттiк қызмет көрсету нысанын;
      мемлекеттiк қызмет көрсетудiң ақылы не тегiн екендiгiн көздейдi.

      13-бап. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын
              әзiрлеуге және бекiтуге қойылатын жалпы талаптар

      1. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қойылатын бiрыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi көрсететiн мемлекеттiк қызметтер үшiн орталық мемлекеттiк органдар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын әзiрлейдi.
      Қазақстан Республикасының Президентiне бағынатын және есеп беретiн орталық мемлекеттiк орган әзiрлейтiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн орталық мемлекеттiк орган әзiрлейтiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне енгiзiлген күнiнен бастап үш ай iшiнде әзiрленедi және бекiтiледi.
      2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының жобасы осы Заңның 15-бабында көзделген тәртiппен жария талқылануға жатады.
      3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың күшiн жою мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы уәкiлеттi органның, ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның, орталық мемлекеттiк органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң ұсыныстары негiзiнде, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингi және (немесе) көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

      14-бап. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет cтандартының
             мазмұнына қойылатын талаптар

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты:
      1) жалпы ережелердi:
      мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң атауын;
      мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын әзiрлейтiн орталық мемлекеттiк органның атауын;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атауын;
      2) мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн:
      мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн;
      мемлекеттiк қызмет көрсету нысанын;
      мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде алынатын төлемақы мөлшерiн және оны алу тәсiлдерiн;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесiн;
      мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесiн;
      мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздердi;

      3) орталық мемлекеттiк органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн;
      4) мемлекеттiк қызмет көрсету, оның iшiнде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, өзге де талаптарды көздейдi.

      15-бап. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер
              стандарттарының жобаларын жария талқылау

      1. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарында құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелерi мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргiзiледi.
      2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын әзiрлейтiн орталық мемлекеттiк орган мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне енгiзiлген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының жобасын жария талқылау үшiн оны «электрондық үкiметтiң» веб-порталында, өзiнiң интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң интернет-ресурстарында орналастырады, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының жобасы туралы хабардар етiлуiн өзге де тәсiлдермен қамтамасыз етедi.
      3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының жобасын жария талқылау оның жария талқылау үшiн орналастырылған күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының жобасын әзiрлейтiн орталық мемлекеттiк орган мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп жасайды, ол «электрондық үкiметтiң» веб-порталында, өзiнiң интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есепте:
      қабылданған және (немесе) қабылданбаған ескертпелер мен ұсыныстар бойынша негiздемелер қоса берiле отырып, жария талқылау барысында алынған ескертпелер мен ұсыныстардың тiзбесi мен қысқаша мазмұны;
      мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының келiп түскен ескертпелер мен ұсыныстар ескерiле отырып пысықталған жобасымен танысу тәсiлi туралы ақпарат қамтылады.
      Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының жобасына осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп түскен ескертпелерi мен ұсыныстары қарауға жатпайды.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының жария талқылау нәтижелерi бойынша пысықталған жобасы және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп мүдделi орталық мемлекеттiк органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерiне келiсуге жiберiледi.
      5. Бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары осы бапта белгiленген тәртiппен мiндеттi түрде жария талқылануға жатады.

      16-бап. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн
              әзiрлеуге қойылатын талаптар

      1. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң қызметiн ұйымдастыру үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлгеннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орталық мемлекеттiк органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн әзiрлейдi және бекiтедi.
      2. Орталық мемлекеттiк орган әзiрлейтiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi орталық мемлекеттiк органның немесе оның басшысының нормативтiк құқықтық актiсiмен бекiтiледi.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы әзiрлейтiн, оның iшiнде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi үшiн әзiрленетiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгiнiң нормативтiк құқықтық қаулысымен бекiтiледi.

      17-бап. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнiң
              мазмұнына қойылатын талаптар

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi:
      1) жалпы ережелердi;
      2) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылдар тәртiбiн сипаттауды;
      3) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттауды;
      4) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттауды көздейдi.

4-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ

      18-бап. Мемлекеттiк қызметтер көрсету

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiлер арқылы;
      2) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы;
      3) «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы көрсетiледi.

      19-бап. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк
             қызметтер көрсетуi

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызметтер көрсетуiне қойылатын талаптар және оларды көрсету тәртiбi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарты мен регламентiнде айқындалады.

      20-бап. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
             мемлекеттiк қызметтер көрсету

      1. Көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшi мен құжаттарын көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге қағаз жеткiзгiште жөнелтудi көздейтiн мемлекеттiк қызметтердi халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету кезiнде өтiнiштер мен құжаттар қабылданған күн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында белгiленген мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.
      2. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасы болған кезде оның өтiнiшiн қабылдауға мiндеттi.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.
      3. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiрудi халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерi жүзеге асырады.
      4. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл мемлекеттiк қызметтер көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесi пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
      5. Көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшi бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттың түпнұсқасынан жасалған құжаттың электрондық көшiрмесiн куәландырады.
      6. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерi мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алуға мiндеттi.

      21-бап. Электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтер көрсету

      1. Электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
      2. Электрондық құжат немесе қағаз жеткiзгiштегi құжат не «электрондық үкiметтiң» ақпараттық жүйесiнен мәлiмет беру электрондық нысанда мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi болып табылады.
      3. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы электрондық нысанда мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмi негiзiнде электрондық құжат нысанындағы оның сұрау салуын халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерi өзiне қызметтiк мақсатта пайдалану үшiн берiлген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
      4. Көрсетiлетiн қызметтi алушыларға ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен бiр өтiнiш негiзiнде электрондық нысанда бiрнеше мемлекеттiк қызмет көрсетiлуi мүмкiн.

      22-бап. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн
             оңтайландыру

      Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыруды ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен орталық мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi тұрақты негiзде жүзеге асырады.

      23-бап. Көрсетiлетiн қызметтi алушыларды мемлекеттiк
             қызметтер көрсету тәртiбi туралы хабардар ету

      1. Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпарат:
      1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң орналасқан жерлерiнде және халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналастыру;
      2) жеке және заңды тұлғалардың көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге өтiнiш жасауы;
      3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын «электрондық үкiметтiң» веб-порталында, орталық мемлекеттiк органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;
      4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығына өтiнiш жасау арқылы ұсынылады.
      2. Орталық мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi және көрсетiлетiн қызметтi берушiлер мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлген немесе өзгертiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оны көрсету тәртiбi туралы ақпаратты жаңартады.
      3. Орталық мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi, көрсетiлетiн қызметтi берушiлер және халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетiлетiн қызметтi алушылар өтiнiш жасаған кезде оларға қажеттi түсiнiктемелермен бiрге мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратты дереу ұсынуға мiндеттi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат көрсетiлетiн қызметтi алушыға оның Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығына және (немесе) көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш жасаған кезiнде ұсынылады.
      5. Орталық мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi жыл сайын «электрондық үкiметтiң» веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi қызмет туралы есептi орналастырады.
      6. Орталық мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң, мүдделi жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемiнде бiр рет жария талқылаулар өткiзедi. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын жетiлдiру үшiн пайдаланылады.

      24-бап. Мемлекеттiк қызметтер көрсеткенi үшiн төлемақы

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызметтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақылы немесе тегiн негiзде көрсетiледi.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында тегiн ұсынылуға кепiлдiк берiлген мемлекеттiк қызметтердi көрсеткенi үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға төлемақы белгiлеуге жол берiлмейдi.

      25-бап. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша
             шағымдарды қарау ерекшелiктерi

      1. Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шағымдары осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуға жатады.
      2. Орталық мемлекеттiк органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, халыққа қызмет көрсету орталығының атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
      3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган шағымды қарау қорытындылары бойынша:
      1) орталық мемлекеттiк органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, халы
ққа қызмет көрсету орталығының көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы бойынша қабылдаған шешiмiне оның қанағаттанбауы себептерiн кешендi түрде зерделеудi қамтамасыз етуге;
      2) орталық мемлекеттiк орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактiсi анықталған жағдайда олардың атына көрсетiлетiн қызметтi алушының бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдану үшiн ұсыныстар жiберуге;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымын орталық мемлекеттiк орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi тарапынан қанағаттандырудың уақтылылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
      4.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның, орталық мемлекеттiк органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң шағымды қарау мерзiмi:
      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе
тексеру не жергiлiктi жерге барып тексеру жүргiзу;
      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге ұзартылады.
      Шағымды қарау мерзiмi ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкiлеттiктер берiлген лауазымды адам шағымды қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде шағым берген көрсетiлетiн қызметтi алушыға ұзарту себептерiн көрсете отырып, шағымды қарау мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткiзгiште берiлген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берiлген кезде) хабарлайды.

5-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГI

      26-бап. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылауды,
              мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды
              және оның қоғамдық мониторингiн жүргiзу
              қағидаттары

      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылауды, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды және оның қоғамдық мониторингiн жүргiзу мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) заңдылық
      2) объективтiлiк;
      3) турашылдық
      4) анықтық
      5) жан-жақтылық
      6) ашықтық.

      27-бап. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылауды
             жүргiзу ерекшелiктерi

      1. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Орталық мемлекеттiк органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау объектiсi болып табылады.

      28-бап. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды
             жүргiзу тәртiбi

      Электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi қоспағанда, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
      Электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын бағалауды ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

      29-бап. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының қоғамдық
              мониторингi

      1. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингiн жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар өз бастамасы бойынша және өз есебiнен жүргiзедi.
      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысы бойынша да жүргiзiледi.
      2. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингiн жүргiзу кезiнде жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттiк құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету саласына жататын қажеттi ақпаратты орталық мемлекеттiк органдардан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарынан, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнен, осы ақпарат олардың интернет-ресурстарында болмаған жағдайда, сұратуға құқылы.
      3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингi нәтижелерi бойынша жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар қорытынды жасайды. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингiнiң қорытындысы:
      1) орталық мемлекеттiк органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын
сақтауы туралы ақпаратты;
      2) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингi барысында анықталған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактiлерiн жою жөнiндегi ұсынымдарды;
      3) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнiндегi ұсыныстарды;
      4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды.
      4. Орталық мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiлер мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингi қорытындысын ескере отырып, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнiнде шаралар қолданады.

6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      30-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтер
              көрсету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн
              жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                                  Н.НАЗАРБАЕВ.