| ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ |
 |
|
|
|
|
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Шығыс Қазақстан облысы өзінің түрліэтностылығымен ерекшеленеді. Мұнда 105 этнос өкілдері тұрады. 1992 жылы тоғыз ұлттық – мәдени орталық негізінде республикада бірінші болып Достық үйі құрылды.
Қазіргі кезде (2011 жыл 1 шілдедегі деректер бойынша) облыста 8 Достық үйі, 73 этномәдени бірлестіктер, «Ынтымақ - Содружество» жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді.
Қазақстан халқының бірлігін нығайту саласындағы жұмысты үйлестіру, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істейді. ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы – Шығыс Қазақстан облысының әкімі. Ассамблея жанында кеңестік – сараптамалық орган – ғылыми эксперттік Кеңес жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан халқының мәдениетін, тарихын, тілдері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарады; этномәдени бірлестіктер мүшелерінің тарихи отандарымен байланысын кеңейтуге және тереңдетуге ықпал етеді. Облыстық «Халықтардың тілдері мен мәдениетін жаңғырту мектебінде» әртүрлі этностардың 15 түрлі тілі оқытылады.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының 2010 жылғы жұмысы туралы
Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында Елбасы қойған тапсырмаларын іске асыру бойынша, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығында жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының 2010 жылғы ұлтаралық келісімді нығайту бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, облыстық Ассамблеяда да жұмыс жоспары бекітіліп, іске асырылуда.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының негізгі бағыты қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру мен нығайту және рухани-мәдени әрекеттестік пен этносаралық қатынастарды үйлестіру болып табылады.
Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында 6 Достық үйі– облыстық Достық үйі, Семей және Риддер қалаларында, Глубокое және Шемонаиха аудандарында жұмыс істейді, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Зырян ауданында Достық үйі ашылды (2009 жылы 5 Достық үйі жұмыс істеді).
2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша облыста 80 этномәдени бірлестіктер, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ынтымақ - Содружество» жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді» (2009 жылы 74).
Өскемен қаласында 21 этномәдени бірлестіктер:Семей – 14, Риддер – 11, Курчатов – 3, Абай – 1, Бесқарағай – 1, Бородулиха – 6, Жарма – 3, Глубокое – 4, Зырян – 6 және Шемонаихада – 9.
Облыста «Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі» өз жұмысын жалғастыруда, 2010-шы жылы мектепке қосымша үй-жай бөлінді. 2010-2011-ші оқу жылында мектептің ұлттық бөлімшелерінде 900-ден артық оқушылар дәріс алады, олар 15 тіл және ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін үйренеді. Сонымен қатар, вокал және би үйірмелері құрылды. Босатылған аумақтар есебінен облыстық Достық үйінде кітапхана және әдістемелік бөлме құрылуда.
Біздің облыста өткізілетін көптеген қоғамдық маңызды және мәдени іс-шаралардың ұйытқысы болып отырған этномәдени бірлестіктердің татулығын нығайту және беделін арттыру - облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Олардың іс-әрекеттерінің негізінде білімді сақтау, тілін, тарихын, рухани мұрасын, өзіндік ұлттық мәдениеттерін, халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтау мен зерделеу.
Қаңтар айында славян мәдениетінің облыстық қоғамдары «Бастеньки», «Ладушки» және «Прялица» шығармашылық ұжымдары Барнаул қаласына «Песнохорки» халықтық әуендері ұлттық театарының 30-жылдық мерейтойында болып қайтты. «Прялица» балалар фольклорлық ұжымы екінші жүлделі орын алып, сәйкесінше Дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Ағымдағы жылдың 11 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының әкімі мен Беларусь Республикасы Могилев облысының атқару комитетінің төрағасы бастаған делегация мүшелері облыстық Достық үйінде болды.
Қонақтардың алдынан нан, тұз алып қазақ және белорус ұлттық киім киген жастар, Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің белсенділері мен төрағалары қарсы алды. Салтанатты қарсы алудан кейін, келген делегация тобымен, ЭМБ жетекшілерінің, белсенділерінің қатысуымен шағын баспасөз конференциясы болып өтті. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М. Сапарбаев келген қонақтарға Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы және Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі жайында кеңінен әңгімеледі. Қонақтарға белорустардың Шығыс Қазақстан жеріне қоныстанғанына 100 жыл толуына арналған «Вековая дружба» атты деректі фильм көрсетілді.
2010 жылғы наурыздың 1-де облыстық Достық үйінде, Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 - жылдығына арнап Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» ХДП филиалы бірігіп «Қазақстандық үлгідегі этносаралық келісімнің табысты дамуы» атты аймақтық форумы өткізілді. Барлық форум қатысушыларына арнайы мерекелік «Ассамблея Жаршысы – Вестник Ассамблеи» газеті таратылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 - жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар облыстағы барлық Достық үйлерінде аталып өтті.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстық Достық үйінде «Гимн женщине» атты мерекелік концерт өткізілді. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Е.М. Аязбаев мерекелік кештің қонақтарын халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, этномәдени бірлестіктер әйелдерінің белсенділері мен шығармашылық ұжымдар басшыларына естелік сыйлықтар табыс етті.
2010 жылдың 24-25 наурыз күндері Қазақстанда Германия жылы аясында, Қазақстан Республикасындағы Германия Республикасының Федеративтік Елшілігі өкілеттігінің Министр-кеңесшісі Вольфганг Бретт мырза Шығыс Қазақстан облысына келіп қайтты. 24 наурызда Вольфганг Бретт Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы «Видергебурт» неміс орталығына барып, орталық басшысы Е.В. Шумахер және диаспора өкілдерімен кездесті. 25 наурызда Вольфганг Бретт А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Қазіргі кездегі Германия» деп аталатын көрмені салтанатты түрде ашты.
Облыстық Достық үйінде Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өткізілді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, облыс әкімі Б.Сапарбаев этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен бірге Қазақстанның ел бірлігі Доктринасын іске асыру мәселесін талқылады. Кеңес отырысына Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі А.Шайназарова қатысты.
1 мамыр күні дәстүр бойынша мерекелік салтанатты шеруді облыстық Достық үйінде қызмет ететін 21 этномәдени бірлестіктерінің ұжымдары ашты.
Осындай шуақты күні өскемендіктер мен қала қонақтарына барлық этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары өздерінің өнерлерін, музыкалық құттықтауларын сыйлады.
Дәстүр бойынша Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің қарсаңында 27 сәуірде «Бір шаңырақ астында» атты облыстық достық форумы өткізілді.
Форум аясында «Қоғамда ұлттық шығармашылықты, мәдениетті дамытуда, этносаралық келісімді және тұрақтылықты нығайтуға үлес қосқаны үшін» Достық үйлерінің ұжымдарына облыс әкімінің сыйлығы бесінші рет тапсырылды.
2010 жылдың 7 мамырында Шығыс Қазақстан өнер мұражайы Қазақстан сазгерлер одағының Шығыс Қазақстандағы өкілдігі және Шығыс Қазақстан Халықтар Достығы үйімен бірлесе, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Көңіл саздары» атты сазгерлердің эстрадалық әндерінен екінші облыстық байқауының І кезеңін өткізді.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Қазақстан және көршілес елдердегі этнодемографиялық үрдістер» атты XI халықаралық конференция болып өтті. Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Әзірбайжаннан келген жетекші мамандар мен ғалымдар қатысты.
31 мамырда облыстық Достық үйінде құғын-сүргін құрбандарын, олардың туыстарын, этномәдени бірлестіктерінің өкілдерін, Кеңес ардагерлерін, жастарды, бұқаралық ақпарат құралдарының шақырылуымен «Ұрпақтар есінде» атты тақырыпта қуғын-сүргін құрбандарын еске алу кеші өткізілді. Құрғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар облыстың барлық Достық үйлерінде өткізілді.
4 сәуірде орыс мәдени күндері Светлого Христова Воскресения мерекесімен ашылды. «Русская песня» халық ансамблі сәуір айында жартығасырлық мерейтойын атап өтті. Орыс мәдени күндері аясында кең ауқымды және әртүрлі іс-шаралар өткізілді – көрмелер, шығармашылық ұжымдардың концерттері және «Бумеранг» студенттік ақпаратты-әуендік журналының отырысы.
Славян мәдениеті мен жазуы күндері қарсаңында «Победа, память, патриотизм» атты облыстық конкурс өткізілді. Байқауға жалпы білім беретін және балалар саз мектебінің 500 астам оқушылары қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Шығыс Қазақстандық славян мәдени қоғамы атынан мақтау қағаздары мен сыйлықтары тапсырылды.
Үстіміздегі жылдың 5-7 маусым аралығында Өскемен қаласында «Беловодье» орыс ұлттық фольклорының IX халықаралық Қазақстан-Ресейлік фестивалі
өткізілді. Фестивальға 28 ұжымдар қатысты, Ресей Федерациясынан 11.
3 шілдеде өткізілген Сабантой мерекесінде облыстық татар этномәдени бірлестігінің мүшелері шығысқазақстандықтарды қуана қарсы алды. Мереке қонақтарын Қазақстан Республикасы «Идель» этномәдени бірлестігі мен татар және татар – башқұрт қоғамдық Ассоциациясының құрметті мүшесі М.Каримов өз атынан және Татарстан Республикасының Президенті Р.Миннихановтың атынан құттықтап сөз сөйледі. Мерекеде концерттік бағдарламалар және халықтық ойындар өткізілді. «Татарча көрәш» деп аталатын ұлтық күрес, арқан тарту, көлбеу таяқпен жүру және қаппен жүгіру ойындары ұйымдастырылды. Сондай-ақ гармоншылар байқауы, татарлар әндерін айтудан, көне ойындарының жарыстары мен «Сабантуй бикә» атты қыздар сайысы өткізілді.
2010 жылдың 6-11 шілде аралығында Новосибирск облысында Геннадий Заволокин атындағы «Играй, гармонь!» атты I халықаралық фестивалі өтті. Облыстық Достық үйінің қаржылай қолдауымен «Бастеньки» және «Ладушки» шығармашылық ұжымдары фестивальға қатысты. Қазылар алқасы өскемендік екі ұжымды да жоғары бағалады. «Бастеньки» және «Ладушки» ұжымдары «Лауреат» атақтарына иегер болды. Екі ұжым да бүкілресейлік 1-ші каналының «Играй, гармонь» телехабарының түсіріліміне қатысты.
2010 жылдың шілде айының 5-нен 9-на дейін Барнаул қаласында, Таулы Алтайда “Ая” көлінің көркем жағалауында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығына арналған «Синяя птица» халықаралық ұлттық мәдениеттерінің фестивалі өтті. Фестивальға Шығыс Қазақстаннан «Сион» облыстық еврей ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің “Зоар” вокальдық тобы қатысты. Ұжымдық қатысушылардың жас аралығы 13 - 21 жасқа дейін. 2010 жылы “Зоар” тобы “Халықтық ұжымы” атағына екінші рет ие болған, “эстрадалық ән айту” номинациясының I дәрежелі лауреаты атанып, “Синяя птица” фестивалінің естелік сыйлығымен марапатталды.
Үстіміздегі жылдың 21 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, облыс әкімі Б.Сапарбаевтың этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кезекті кездесуі болып өтті.
Қыркүйектің 15-17 аралығында Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында республикалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Е.Тоғжанов және «Днипро» республикалық украин орталығының басшысы – Ф.Клименко облыста ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Е.Тоғжановтың жұмыс кестесіне сәйкес ҚР Конституциясының 15- жылдығына арналған «Конституция – тәуелсіз Қазақстанның тұрақты және қауіпсіз дамуының негізі» атты конференцияда баяндама жасады. Сондай–ақ Е.Тоғжанов 2010 жылдың 6 қыркүйегінде Елбасының қатысуымен елімізде алғаш рет ашылған этноауылға барды. Орталық киіз үйде Ералы Лұқпанұлы этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесті. ЭМБ басшыларын Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісінің республикада алғаш рет Шығыс Қазақстан облысында салынып отырған этноауыл мен республикалық Ассамблея жұмысының
келешегі туралы пікірі қызықтырды. Е.Тоғжанов осындай ізгі жобаны болашақта Астана қаласында да іске асыру қажет екендігін атап өтті.
15 қыркүйекте Ф.Клименко Ұлан ауданы, Украинка ауылындағы мектеп оқушыларымен кездесті. Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған айлық аясында мектепте облыстық украин этномәдени бірлестігі «Моя Родина – Казахстан, Украина – в сердце моём» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өткізу аясында 27-28 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында бірінші рет жыршылар байқауы өткізілді.
30 тамызда этномәдени бірлестіктерінің өкілдері облыс орталығында «Республика алаңындағы» мерекелік шеруге белсенді қатысты. Достық үйінің алаңында қала тұрғындары мен қонақтары этномәдени бірлестіктерінің дайындаған мерекелік концертін тамашалады.
2010 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев облыс орталығының көрнекі орындарының бірі – Ертістің сол жағалауында бой көтерген этноауылдың алғашқы құрметті қонағы болды. Жаз айында облыстық Ассамблеяның төрағасы, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаевтың бақылауымен әртүрлі ұлттардың әр кездегі 16 үйлері салынды. Әрбір ұлттардың өкілдері Елбасын өз үйлерінің ауласында әнмен, бимен қарсы алды. Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың көпғасырлық салт-дәстүрлері мен мәдениеттерін сақтау мен дамытуда біздің республикамызда барлық жасалып жатқан жағдайлар үшін этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Елбасына үлкен алғыстарын білдірді.
Этномәдени бірлестіктер Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне арналған «Единство народа – основа независимости» атты айлық өткізуге белсенді қатысты. Айлық аясында тілдер аптасы, «дөңгелек үстел» отырыстары, фестивальдар мен викториналар өткізілді. «Ұлағат» ҚБ 10 қыркүйекте Талдау және болжау институты «Этномәдени бірлестіктерінің жанындағы жастар ұйымдарының дамуы мен келешегі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысын ұйымдастырды. «Дөңгелек үстел» отырысына қатысушылар этномәдени бірлестіктерінің жұмыстарына жастарды қалай тарту мәселесін талқылады.
2010 жылдың 24-26 қыркүйек аралығында Семей қаласында «Прииртышские напевы» атты орыс өнерінің VIII халықаралық фестивалі өтті. Жыл сайын басқа елдерінің аймақтарынан келушілердің саны артуда. Барлық фестивальға қатысқан ұжымдардың саны - 60 (1500 адам), олардың арасындағы 16-сы Ресей Федерациясынан келген шығармашылық ұжымдар.
2010 жылдың 30 қыркүйегінде Беларусь делегациясы этноауылға ат басын бұрды. Қонақтарды ұлттық қазақ және беларусь костюмдерін киген қыздар қарсы алды.
Ағымдағы жылы ғылым докторы Е.И. Григорьевтің бастамасымен ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық Кеңесі өз қызметін белсендірді.
«Межкультурный диалог в условиях приграничного сотрудничества: опыт Ассамблеи народа Казахстана и перспективы развития» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы дайындалып, өткізілді.
Ағымдағы жылдың 1 қазанында облыстық Достық үйінде «Қарттар күні» аталып өтті. Этномәдени орталықтарының белсенділері қарттарға тілектерін білдіріп, өлеңдер жолдады, мерекелік концерт ұйымдастырды.
2010 жылдың 6-7 қазанында Семей қаласында Абай Құнанбаевтың 165-жылдығына арналған «Әнді сүйсең менше сүй» байқауы мен ақындар мүшәйрасы өткізілді. Ұлы Абайдың мерекесіне облыстық Достық үйі этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Қатысушылар Абай мұражайын аралап, Жидебайда орналасқан Абай кесенесіне барды.
2010 жылдың 7 қазаны күні облыстық Достық үйінде «Н. Назарбаев: гуманизм және саяси жігер» (тарихи-философиялық саяси талдау) кітабының авторы, философия ғылымының докторы Гурий Борисович Ханмен болған кездесуге этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстағы жоғарғы оқу орындарының ғылыми қоғамдық оқытушылары, студенттер қатысты.
Г.Б. Хан өз кітабында Қазақстан Республикасының өсу жолын және жаңа Егеменді мемлекет құрылысының архитекторы, гуманист Н.Ә. Назарбаев ролін егжей-тегжейлі қарастырып жазған.
Гурий Борисович Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен болған жеке кездесуіне ерекше тоқталып, ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың жоғары адамгершілік ұстанымын нақты мысалдармен көрсетті.
2010 жылдың 10 қазан күні облыстық Достық үйінде Өскемен қаласының Украин этномәдени орталығының 10 жылдығына арналған ІІ облыстық украин шығырмашылығының «Вишнева Украϊна – пίсня солов'ϊна» фестивалі өткізілді.
«Қазақстан Республикасының 16 сессиясын шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 439
өкіміне сәйкес 2010 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 16 сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының 23 мүшесі қатысып, марапатталды: Қазақстан халқы Ассамблеясының«Бірлік» медальмен - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі - Л.Б.Шик, мақтау қағазымен – Семей қаласы «Видергебург» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы - А.Р. Визе, алғыс хаттармен – беларус этномәдени бірлестігінің төрағасы – В.П. Магазинщиков және украин этномәдени бірлестігінің төрағасы – А.М. Нетребич марапатталды.
Ағымдағы жылдың 30 қазан күні неміс мәдени орталығы «Видергебурт» астық мерекесін атап өтті. Сахна төрінде «Maiglöckchen» фольклорлы тобының орындауында неміс және орыс әндері шырқалып, Александр Гумбольдт атындағы тілдер гимназиясының оқушылары, ШҚ НМО ҚБ балалар тілдер үйірмесі және «Пируэт» би ансамблі неміс және қазақ ұлттық билерін нақышына келтіріп билесе, ал гимназия оқушылары неміс вальсін флейтада тамаша орындады. Мереке барысында өткізілген сайыстар көрермендердің көңілдерінен шықты.
2010 жылдың 3-5 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстандағы Германия жылына және Абайдың 165 жылдығына арнап Халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Евразиялық тұжырымдама контекстіндегі Абай және Гете» атты конференция өткізді. Конференцияға қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Т.Түсіпбеков құттықтап сөз сөйледі. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының көрнекті абайтанушы ғалымдары, Германия және Ресей Федерациясынан ғылым және әдебиет қайраткерлері, Қазақстандағы Германия елшілігі және тағы да басқа шетел қонақтары қатысты. Конференцияға Қазақстан, Германия, Ресей, Моңғолия және Қытай ғалымдарының 200 – ден астам баяндамалары ұсынылды. Конференция қазақ, неміс, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді. Қазақ және неміс халықтарының көркем шығармашылықтарына арналған көрме ұйымдастырылды.
Облыстық Достық үйінде 18 қараша күні барша мұсылман қауымы асыға күтетін мерекенің бірі «Құрбан айт» мерекесі өз дәстүрімен тойланып өтті. Бұл күні өзге ұлт өкілдерін бір шаңырақ аясына жинайтын облыстық Достық үйінің мерекеге арнап жайған дастарқаны басына этномәдени бірлестіктердің төрағалары, шығармашылық ұжымдардың жетекшілері және мүшелері жиналды.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының 20 жылдығын лайықты қарсы алуға арналған акциясы 12 желтоқсан күні облыстық Достық үйі және Шығыс Қазақстан «Орыс мәдени орталығының» ұйымдастыруымен, осы айырықша мәнді оқиғаға арналған Металлургтер мәдениет сарайында үлкен концерт өтті.
Осы мерекелік концертке Өскемен қаласы мен Глубокое ауданынан 240 көркемөнерпаз бен 21 шығармашылық ұжым қатысты.
Облыстық Ассамблеяда өткізілетін барлық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандырылады. «Рудный Алтай» және «Дидар» облыстық газеттерінде «Дом дружбы» - «Достық үйі» қосымшасы, «Ассамблея жаршысы», «Вестник-Ассамблеи» ШҚО ҚХАХ газеті жиі шығарылып тұрады. Басылымдарда Шығыс Қазақстан облысында тұратын этностардың дәстүрлері мен тарихтары орналыстырылады. «Рудный Алтай» облыстық газетінде - 118, «Дидар» газетінде – 53 материал, сайтта 52 ақпараттар орналасты. «Қазақстан-Өскемен», Өткізілген іс-шаралар туралы видеоматериалдар «Қазақстан-Семей», «Калкен - ТВ» облыстық телеарналарында көрсетіледі.
«Вместе» авторлық бағдарламасынан Қазақстан халқының дәстүрлері туралы көрсетіліп тұрады. ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жарықтандыруда «Достық-Дружба» республикалық журналымен белсенді жұмыстар жалғасуда.
Барлық этномәдени бірлестіктерімен өткізілген іс-шаралар Шығыс Қазақстанда тұратын этностардың өзара сыйластықта, достық пен түсіністікте тұратынын көрсетті.
Облыстағы қалалар мен аудандардағы өткізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде облыстың қалалары мен аудандарында тұрақты әлеуметтік саяси жағдай сақталған.
Б. Сапарбаев
Мұрағат
| + |
2011 |
|
|
|
|
| + |
2010 |
|
|
|
|
| + |
2009 |
|
|
| 1-ші тоқсан |
1-ші жартыжыл |
9 ай |
1 жыл
|
|
|
| + |
2008 |
|
|
| 1-ші тоқсан |
1-ші жартыжыл |
9 ай |
1 жыл
|
|
|
| + |
2007 |
|
|
|
|
| + |
2006 |
|
|
|
|
| + |
2005 |
|
|
| 1-ші тоқсан |
1-ші жартыжыл |
9 ай |
1 жыл
|
|
|
|
Тақырып бойынша ақпараттық хабарлама:
|