Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ

 

Городнянский Евгений Александрович

Евгений Александрович Городнянский Семей облысы Новотульск ауданы Уба-Форпост ауылында 1955 жылғы 26 наурызда дүниеге келді. 1977 жылдың шілде айында Өскемен педагогика институтын бітіргеннен кейін Өскемен қаласы Үлбі аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1988 жылғы қыркүйек айына дейін Шығыс Қазақстан облысының комсомол және партия органдарында қызмет етті. 1988 жылғы қыркүйек пен 1991 жылғы тамыз айы аралығында Мәскеу қаласындағы ОК жанындағы Қоғамдық ғылым академиясының аспиранты болды. Аспирантураны бітіргеннен кейін философия ғылымдарының кандидаты атағына диссертация қорғады. СОПК органдарын таратқан соң 1991 жылдан бастап бизнесте жұмыс атқарды. 1996 жылы Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 1998 жылғы қаңтар мен 2003 жылғы қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облыстық телерадиокомпанияның төрағасы болып қызмет етті. 2004 жылғы сәуір мен желтоқсан аралығында – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің меңгерушісі.

2005 жылғы қаңтар айынан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы болып тағайындалды. Отбасылы. Ұлы бар.

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

1. Қоғамдық-саяси және діни бірлестіктерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, облыстық газет және радио редакцияларымен, кино мен бейне қызмет көрсету кәсіпорындарымен өзара әрекеттесу;

2. Әлеуметтік-мәдени саланы дамыту мәселелері бойынша облыстық семинарларды, кеңестерді ұйымдастыру;

3. Әлеуметтік-мәдени сала мәселелері бойынша облыстық салалық бағдарламаларды, жоспарларды, іс-шараларды әзірлеу.

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы