Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ

 

Ақажанова Гүлмая Естайқызы - облыс әкімінің бас инспекторы

Гульмая Естаевна Акажанова, қазақ, Өскемен қаласында 1950 жылғы 19 қазанда дүниеге келген. 1968 жылы Өскемен құрылыс-жол институтына түсті. Оны бітіргеннен кейін 1973 жылы инженер-экономист мамандығына ие болды. 1984 жылы Алматы қаласындағы Жоғарғы Партия мектебін сырттай бітірді. 1973 жылғы тамыз бен 1978 жылғы қыркүйек аралығында құрылыс-жол институтының комсомол комитетінің хатшысы; 1978 жылғы қыркүйек пен 1980 жылғы қараша аралығында Қазақстан Компартиясының Өскемен қалалық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы; 1980 жылғы қараша мен 1982 жылғы мамыр аралығында Қазақстан Компартиясының Таврия аудандық комитетінің хатшысы; 1982 жылғы мамыр мен 1987 жылғы ақпан аралығында Халық депутаттарының Самар аудандық кеңесінің атқарушы комитетінің төрағасы болып қызмет етті. 1987 жылғы ақпан мен 1996 жылғы маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы экономика басқармасының жетекші маманы болып ауыстырылды, 1996 жылғы маусым айынан облыс әкімі аппаратының экономика және нарық қатынастары бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1998 жылғы қыркүйек айынан экономикалық реформалар бөлімінің меңгерушісі.

2005 жылғы 1 қаңтардан облыс әкімінің бас инспекторы болып тағайындалды. Тұрмыста, екі баласы бар.

Лауазымдық міндеттері

- Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі, облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы қатысатын облыс аумағында өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады;
-күнделікті қалалар мен аудандар әкімдері, басқарма бастықтарының қай жерде жүргені туралы ақпараттар жинағын жүзеге асырады;
- облыстық әкімдік пен облыс әкімі аппаратының жұмыс жоспарының жобасын дайындайды;
- Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі, облыс әкімі қатысатын іс-шаралара байланысты ұйымдастыру мәселелерін шешуге, қажетті құжаттарды дайындауға қатысады;
- Өскемен қаласы әкімі аппаратымен қарым-қатынасты жүзеге асырады;
- облыс әкімінің жетекшілік ететін қалаларға, шаруашылық субъектілерге жұмыстық кездесулерін ұйымдастыруға қатысады;
- Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі, облыс әкімі және облыс әкімдігінің қойған тапсырмаларын іске асыру бойынша қала әкімінің, облыстың мемлекеттік органдары лауазымын үйлестіреді (жетекшілік етеді);  
- облыс әкімдігнің отырысында қарастыру үшін жартыжылдық мәселелер тізбесін дайындау үшін ұсыныстар енгізеді;
-облыс әкімінде, аппарат басшысында мәжілістер өткізуді ұйымдастырады;
- облыстың мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп облыстың дамуының өзекті мәселелер туралы түсініктемелер дайындайды;
- жетекшілік ететін қалалар бойынша дамытудың барлық өзекті мәселелері, ірі және орта шаруашылық субъектілері бойынша деректер банкін үнемі жаңартып отырады;
- қаланың жыл сайынғы әлеуметтік-экономикалық даму паспортын дайындауға көмектеседі, әкімшілік-аумақтық құрылуы мәселесімен айналысады;
- қала әкімі аппараты жұмысына үнемі кешенді тексерулер жүргізеді және ұйымдастырады, тексеру қортындысында жауапты тұлғаларға анықталған кемшіліктерді жоюға шара және жаза қолдануға ұсыныс енгізеді;
-құжаттама жүргізу және қала әкімі аппаратындағы атқарушы тәртіптік жағдайын талдайды, ұйымдастыру, кадр жұмысы, іс жүргізу мәселелері бойынша әдістік және тәжірбиелік көмек көрсетеді;  
- қала тұрғындарының арыздары мен өтініштерін қарауға және тексеруге қатысады;
- өз құзыретінің аясында аппараттың, облыс әкімінің, облыстың мемлекеттік органдарының басқа да құрылымдық бөлімдерімен қарым-қатынас жүргізеді.

 

E-mail: GAkazhanova@akimvko.gov.kz.
Телефоны: 8(7232)26-42-57

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы