Облыс әкімінің аппарат басшысы
Жылқыбаев Ержан Жұматұлы – облыс әкімінің аппарат басшысы
1982 жылғы 17 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының Ленгер қаласында туған. Білімі жоғары, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика департаментінде бас маман болып бастаған.
2004 жылдан 2006 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты.
2006 жылдан 2007 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкімет Өкілдігінде бас сарапшы болып қызмет атқарған.
05.2007ж. - 09.2007ж. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің Мемлекеттік кәсіпкерлік басқармасының әдіснама және норма шығармашылығы бөлімінің бастығы.
2007 жылдан 2009 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі.
03.2009ж. -06.2009ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі.
06.2009ж. – 05.2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары
05.2011ж.-01.2012ж Семей қаласы әкімінің орынбасары
2012 жылғы 30 қаңтарда обыс әкімінің аппарат басшысы болып тағайындалды.
Лауазымдық міндеттер:
Облыс әкімі аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады және оның облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын ұйымдастыру. Облыстық атқарушы органдардың облыстық әкімдік мәжілісіне мәселелерді дайындау жөніндегі қызметін жоспарлау және үйлестіру, облыс әкімдігінің жұмыс жоспарының және қаулыларының орындалуына бақылау жасау. Облыс әкімі аппаратының заң бөлімінің, құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің, қаржы-шаруашылық бөлімі мен кадрлық жұмыс және награда бөлімінің қызметін үйлестіру.
Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық басқармалар, Комитеттер департаменттерінің (басқармаларының) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік актілерін, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметін үйлестіру.
Облыс әкімінің Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесімен байланысын қамтамасыз ету және олардың тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру.
Облыс әкімінің облыстық мәслихатпен, республикалық басқару органдарымен және олардың аумақтық бөлімшелерімен өзара қызметін қамтамасыз ету.
Облыстық мұрағат және құжаттама басқармасының, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі облыс әкімі аппаратының Шығыс Қазақстан өңірлік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру орталығының қызметін үйлестіру.
Облыстық атқарушы органдардың басшыларын, қалалар мен аудандар әкімдерін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар дайындау.
Облыс әкімі аппаратының қызметкерлерін (Д-3, Д-4, Д-5 санаттары), облыс әкімінің аппараты мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, мемлекеттік басқару органдары басшыларын тағайындау және қызметтен босату.
Облыстық наградалар, конкурстық және облыс әкімі аппаратындағы тәртіптік комиссиялардың жұмысына басшылық ету.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Глубокое, Шемонаиха және Ұлан аудандары әкімдерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру.
Азаматтарды қабылдау
Облыс әкімі аппаратының басшысы азаматтарды бір рет әр айдың екінші сейсенбісінде қабылдайды.
телефоны 8 (7232) 26-39-72
қабылдау бөлмесі 8 (7232) 26-48-23
электрондық мекенжай:
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы 2008 жылғы 02 желтоқсандағы №215 қаулығы өзгеріс енгізу туралы
| № |
Т.А.Ә. |
Лауазым |
E-mail |
Телефон |
| 1 |
Жанабаев Меир |
Аппарат басшысының көмекшісі |
|
8(7232)24-15-02 |
|