Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ

Әкім аппараты

Облыс әкімінің орынбасары- Кошелев Владимир Леонидович

1962 жылғы 22 сәуірде Семей облысы Көкпекті ауданы Преображенка ауылында дүниеге келген. Ұлты – орыс.
1984 жылы Семей ет және сүт өнімдерінің технологиялық  институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының заңгер дипломын алған.
Өзінің еңбек жолын Көкпекті ауданында ауылшаруашылығы техникасының инженер-технологы болып бастаған. Өндірістік кәсіпорындардағы жұмыс тәжірибесі бар. Ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы саласындағы ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет кеткен.
2006 жылдың қаңтар айынан – «Продкорпорация» ҰҚ» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің директоры.
2009 жылдың қаңтарынан - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімі.
2012 жылғы 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 

 

 

Лауазымдық міндеттер:

Облыстық ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жер қатынастары басқармаларының қызметін үйлестіру.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ертіс экология департаментінің Шығыс Қазақстан филиалымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясымен, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясымен, «Шығысқазқойнауы» геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаментімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейіндік инспекциясымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Ертіс бассейіні су шаруашылығы инспекциясымен, «Шығыссушар» су шаруашылығы бойынша Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының   «Ауыл шаруашылығы Шығыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, аңшылар және балықшылар қоғамымен  өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. 

Мынадай облыстық комиссияларға: жер учаскелерін жер пайдалануға беру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешенінде кластерлер, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарын құру, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдері сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мәселелері жөніндегі облыстық комиссияларға, құнсыздану үдерістеріне бақылау жасау жөніндегі облыстық штабқа  басшылық ету.   

Семей қаласы, Абай, Бесқарағай және Бородулиха аудандары әкімдерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.

телефон: 8(7232)26-42-48
электрондық мекенжай:

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы