|
Әкім аппараты
Әбденов Серік Сақболдаұлы – облыс әкімінің бiрiншi орынбасары.
Қарағанды облысында 1977 жылы 15 қаңтарда дүниеге келді, ұлты – қазақ.
1998 жылы заңгер мамандығы бойынша Қазақстан құқықтану және халықаралық қатынастар институтын үздік бітірген. 2004 жылы экономист мамандығы бойынша Казпотребсоюз Қарағанды экономикалық университетінің бітірген.
1998 жылдан 2000 жылға дейін ҚР Әділет министрлігінде бас маман, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы бөлімінің бастығы болған.
2000-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде заңды экспертиза бөлімінің бастығы, бақылау және құжатайналым басқармасының бастығы, ҚР ІІМ аппаратының жетекшісінің орынбасары лауазымында қызмет атқарған
2003жылдан 2004 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс атқарған.
2004 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде директор орынбасары, одан әрі Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры лауазымы бойынша қызмет атқарған.
2007 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі болып тағайындалған.
2009 жылдың 6 наурызынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Лауазымдық міндеттер:
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының қызметін үйлестіру.
Бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету мәселелері (инвестициялар және қаржы тарту жөнінде).
Облыстық салық департаментімен, Шығыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментімен, қазынашылық департаментімен, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетімен, статистика департаментімен, «Ертіс» мемлекеттік мүлік және жекешелендіру өңіраралық департаментінің бөлімшесімен, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің «Ертіс» өңіраралық департаментімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың облыстық филиалымен, «Шығыс Қазақстан облыстық кәсіби одақтар кеңесі» қоғамдық бірлестіктер одағымен, екінші деңгейдегі банктермен, зейнетақы қорларымен, сақтандыру компанияларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын бюджеттік жобалар құнының қымбаттау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға басшылық ету.
Облыс қалалары мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаудың рейтингтік жүйесі, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі облыстық комиссияға басшылық ету.
Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қарым-қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның, облыстың экономикалық кеңесі, электрондық үкімет қызметін үйлестіру.
Жарма, Үржар және Аягөз аудандары әкімдерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Азаматтарды қабылдау
Облыс әкімінің орынбасары азаматтарды әр айдың екінші және төртінші дүйсенбісінде қабылдайды.
телефоны 8 (7232) 26-39-72
қабылдау бөлмесі 8 (7232) 26-16-60
электрондық мекенжай: SAbdenov@akimvko.gov.kz
|