Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМ АППАРАТЫ

Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі

Налибаев Асылжан Алмасбекұлы, облыс әкімінің бас инспекторы

1986 жылғы 15 қаңтарда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында туған, ұлты – қазақ.
2005 жылы Қазақ гуманитарлық заң институтының гуманитарлық-заң колледжін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң институтын «заңгер, құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша бітірді. 
05.08.2008 - 09.04.2009 жылдары «Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығы» РМҚК заң басқармасында маман болып жұмыс істеді, Астана қ.
10.04.2009 - 03.07.2009 – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамтамасыз ету және сақтандыру департаментінің жинақтау зейнетақы жүйесі және әлеуметтік сақтандыру басқармасының сарапшысы, Астана қ.
04.07.2009 - 27.09.2010 – Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы, Өскемен қ.
28.09.2010 - 26.10.2011 – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, Өскемен қ.
26.10.2011 жылдан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, Өскемен қ.


Тел. 263584
ANalibaev@akimvko.gov.kz

Лауазымдық қызметі

  1. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын жұмысын үйлестіру бойынша облыс әкімі орынбасарының қызметін қамтамасыз етеді;
  2. Республикалық бағынысты департаменттермен және басқармалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді: техникалық реттеу және метрология комитетінің департаментімен, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің өңіраралық инспекциясымен, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетініңбасқармасымен, Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» аумақтық басқармасымен. 
  3. Сектордың жұмысын ұйымдастырады;
  4. Облыс әкімі басшысының жұмысын жоспарлауға қатысады;
  5. Жетекшілік ететін басқармалармен облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
  6. Облыс әкімі орынбасарының ақпараттық-талдау, техникалық және басқа да қызметін жүзеге асырады;
  7. Облыс әкімі орынбасарының қалалар, аудандарға, жергілікті мемлекеттік органдарға, шаруашылық ететін субъектілерге қызметтік іссапарын ұйымдастырады;
  8. Облыс әкімі орынбасарының облыс басқармалары, департаменттері, кәсіпорындары және ұйымдары басшыларымен қызметтік кездесуін ұйымдастырады;
  9. Жетекшілік ететін облыстық басқармалармен өзара іс-қймылды жүзеге асырады, оларға жоғары тұрған органдардың нормативтік-құқықтық актілерін орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда, олардың жұмыстарының стилі мен әдімтерін жетілдіруде, бар кемшіліктерді жоюда әдімтемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;
  10. облыс әкімі орынбасарының мәжілістеріне қатысушылардың тізімін дайындап, келісуге қатысады, олардың орындалуына бақылауды ұйымдастырады;
  11. облыс әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша өз құзыры шегінде мемлекеттік мекемелерге және лауазымды тұлғаларға орындалуы міндетті тапсырмалар береді;
  12. облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін мәселелер бойынша кіріс және шығыс және кіріс хат-хабарларын қарауды ұйымдастырады;
    облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қарау бойынша қабылдау бөлімімен бірлесіп облыс әкімі орынбасарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады;
  13. облыс әкімінің орынбасарына ұсынылатын материалдардың дайындығының сапасын қамтамасыз етеді;
  14. жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыстық әкімдік отырысына, семинарларға, мәжілістеріне материалдар дайындауға қатысады;
    жетекшілік ететін басқармалардың жұмысына кешендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізуге қатысады; 
  15. Бөлім істерінің наменклатурасы құжаттарын қалыптастыруға қатысады, құпиялық режимді сақтайды;
  16. Облыс әкімі аппаратының басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық департаменттер, облыс әкімі орынбасарының қызметін қамтамасыз ететін басқармалармен өзара жылдам іс-қимылды жүзеге асрады;
  17. Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдарынан, ұйымдардан және лауазымдық тұлғалардан облыс әкімі орынбасарының қарауындағы мәселелерге қатысты құжаттар  мен материалдарды сұратады;
  18. Облыс әкімі орынбасарының қарауына өз қызметінің мәселелері бойынша ұсыныс енгізеді;
  19. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
  20. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктігін арттырады;
  21. Облыс әкімі орынбасарының басқа да  тапсырмаларын орындайды.
Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы