Әкім аппараты
Ермек Беделбайұлы Көшербаев - облыс әкімінің орынбасары
1965 жылдың 2-мамырында Алматы қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ.
«Тарихшы, тарих пәнін шеттілінде беретін оқытушы» мамандығы бойынша Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат, дипломат» мамандығы бойынша ССРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
08.1988 – 09.1988 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құпия істерді жүргізу бойынша бас инспектор, Алматы қ.
09.1988 – 10.1989 жылдар аралығында - ҚСРО Сыртқы істер министрінің көмекшісі, Алматы қ.
11.1989 – 06.1990 жылдар аралығында - ҚСРО Сыртқы істер министрлігінің баспа және ақпарат бөлімінің бірінші хатшысы.
06.1990-09.1991 жылдар аралығында – ҚСРО Сыртқы істер министрлігі консулдық бөлімінің бірінші хатшысы
09.1991-04.1993 жылдар аралығында – ССРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының қайта дайындау факультетінің тыңдаушысы, Мәскеу қ.
05.1993-08.1993 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия елдері басқармасының бірінші хатшысы, Алматы қ.
08.1993-12.1993 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік хаттамаларды басқару бөлімінің бірінші хатшысы, Алматы қ.
12.1993-06.1994 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік хаттамаларды басқару бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ.
06.1994-01.1996 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің халықаралық бөлімінің кеңесшісі, Алматы қ.
01.1996-04.1996 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің хаттама қызметі басшысының міндетін атқарды.
04.1996-08.1997 жылдары Қазақстан Республикасындағы Швейцария Конфедерациясы Елшілігінің бірінші хатшысы, Берн қ. Швейцария Конфедерациясы
08.1997-10.1997 жылдары Көп жақты ынтымақтастық департаменті Азиялық Қауіпсіздік бөлімінің бастығы, Алматы қ.
10.1997-11.1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі, Алматы қ., Астана қ.
11.1999-01.2000 жылдар аралығында уақытша жұмыс істеген жоқ.
2000-2001 жылдары «Назарбаев оқулары» қоғамдық қоры директорының орынбасары
2001-2002 жылдары «Мұнай және Газ транспорты» аппаратының басшысы
2002-2003 жылдары «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы аппаратының басшысы, «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның бірінші Вице-президентінің кеңесшісі
2003-2004 жылдары «Рауан Медиа Групп» АҚ директор, республикалық «Отан» партиясы орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары.
2004-2005 жылдары «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы аппаратының басшысы
2005-2006 жылдары «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпы ұлттық одағын атқарушы директорының бірінші орынбасары
2006 жылы республикалық «Отан» партиясының орталық аппаратын басқарды.
2007 жылдың желтоқсанынан – Қазақстан ассоциациясы мұнай-газ және энергетика қоғамы «KazEnergy» кешенінің атқарушы директоры.
208-2009 жылдары «Рауан Медиа Групп» АҚ бас продюсері-бас директоры.
2009 жылдан – Семей қаласындағы «Ертіс» Ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы.
2010 жылдың шілде айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Лауазымдық міндеттері:
Облыстық ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, туризм, дене шынықтыру және спорт (дене шынықтыру және спорт саласы), тілдерді дамыту басқармаларының, Шығыс Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының қызметін үйлестіру.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша балалар құқығын қорғау департаментімен, «Қазақстан» Республикалық телерадиокешені» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен, «Шығыс ақпарат» КМК, Медициналық қызмет көрсету саласында сапа бақылау жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаментімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармациялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен, қоғамдық және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды үйлестіру.
Облыстың білім, ғылым, кадрлар дайындауды жүзеге асыратын жоғары және орта арнайы оқу орындарының, кәсіптік мектептерінің, кәсіпорындары мен мекемелері қызметінің мәселелері.
Әлеуметтік-саяси және қоғамдық процестер мониторингі мен талдауын ұйымдастыру.
Мынадай облыстық комиссияларға: ономастика, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес, қылмыстық жазаны жүзеге асыруды атқаратын мекемелер қызметіне жәрдемдесу, әйелдер ісі және отбасы-гендерлік саясат, жастар саясаты, ақпараттық саясат, діни бірлестіктермен жұмыс, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі облыстық комиссияларға басшылық ету.
Зайсан, Көкпекті және Тарбағатай аудандары әкімдерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Азаматтарды қабылдау: облыс әкімнің орынбасары азаматтарды әр айдың үшінші жұмасында қабылдайды.
Телефон: 8(7232)26-48-23
Қабылдау бөлмесі 8 (7232) 26-48-23
|