Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ

Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі

Ереже:

Сембинов Ержан Алтайұлы – Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі

Сембинов Ержан Алтайұлы ШҚО Ұлан ауданы Горняк а. 1973 жылы 24 мамырында тұған. Екі жоғарғы білімі бар. Азия – Орталық университетін бітірді, кредит және қаржы маманы бойынша 2009 жылы экономист және заңгер маманы, заңгер бакалавр біліктілігін алды.
Еңбек әрекетін Сембинов Ержан Алтайұлы 1990 жылы бастады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1999 -2000 жылдар, Қазақстан Республикасы жол қозғалыс қауыпсіздік фондының директорының орынбасары болды.

2000 - 2002 жылдар «Шығыс Қазақстан облыс бойынша Қазақстан Республикасы мемлекттік табыс Министерінің «Кедентранссервис» РГП директоры болды. 2002 жылы қараша айында Сембинов Ержан Алтайұлы «Восток Инвест» ЖШС директоры болып тағайымдалды, Қазақстан Республикасы әділет Министірігінің Шығы Қазақстан облысы бойынша 2003 жылы қаңтар айынан - 2006 жылы наурыз айына дейін «Жылжымайтын бойынша орталығы» РГП директорының орынбасары болып тағайымдалды. Екі жыл бизнес-структурасында жұмыс істеді.
2008 жылы өнеркәсіп өндеу бөлімінің бас маманы болып тағайымдалды. 2009 жылғы қаңтар айында ішкі экономикалық бөлімінің батығы болып тағайымдалды. 2009 жылы тамыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облыс Әкім аппаратының хаттама және ішкі байланыс бөлімінің меңгерушісі. 2009 жылы 2 қыркүйегінде Риддер қаласы әкімінің аппарат басшысы болып тағайымдалды.
2010 жылдың тамызында ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының туризмді дамыту бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2010 жылғы 1 желтоқсаннан бастап облыс әкімінің өкімімен Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:

Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі облыс әкімі аппараты басшысының тікелей басшылығымен жұмыс істейді:  
1. бөлім жұмысына басшылықты жүзеге асырады;
2. бөлім жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді;  
3. өз құзіреті шегінде облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен және облыстың мемлекеттік органдарымен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады;
4. бөлім қызметкерілерін жоғарылату, марапаттау, оларға шара қолдану, кезекті демалыс беру және оларды қызметтік іссапарға жіберу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5. жетекшілік ететін салалардағы талдау, статистика деректерін, облыс басшылығы қол қойған халықаралық келісімдердің орындалу барысын талдайды және жинақтап, қорытады;
6. өз құзыреті шегінде өңірге шет ел инвестициясын тартуды жүзеге асырады;
7. шетел және отандық делегациялармен кездесулерде хаттама жүргізуді ұйымдастырады;
8. халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу және ұйымдастыруға, сондай-ақ, шет ел мемлекеттері өкілдерімен келіссөз өткізуді ұйымдастыруға қатысады;  
9. облыс мемлекеттік органдарының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қызметтерін үйлестіруді жүзеге асырады;
10. жасалған келісімдер, шарттар мен меморандумдарға талдау және мониторинг жасайды;
11. халықаралық ұйымдар және шет ел бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты нығайту жұмысын жүргізеді;
12. шет ел мемлекеттерінің елшіліктерімен, жергілікті атқарушы органдарымен ынтымақтастық жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
13. облыс әкімі аппараты комиссияларының, жұмыс топтарының жұмысына және кеңестеріне, жылдық және жоспардан тыс жиналыстарға қатысады;
14. облыс экспорттық әлеуетінің дамуына, бәсекеге қабілетті тауарларды, қызметтерді, сондай-ақ, технологияларды анықтауға көмектесуді жүзеге асырады;
15. облыс пен өңір кәсіпорындарының өңіраралық және мемлекетаралық байланыстарын дамыту және ұтымды ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;
16. облыс әкімі мен облыс әкімі орынбасарларының ресми қабылдауларын, шет ел және отандық делегациялармен кездесулерін дайындауды және ұйымдастыруды үйлестіреді;
17. өзінің құзыреті шегінде облыс әкімдігі мен облыс әкімі аппаратының іс-шараларына ұсыныстар енгізеді;
18. бөлімдегі істер номенклатурасын жүргізуге бақылау жасайды;
19. бөлім қызметкерлерін облыс әкімі аппараты кеңестерінің қорытындысы және қабылданған шаралар, өзі жетекшілік ететін сала бойынша істің жағдайы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан түскен құжаттармен таныстырады.

Бөлім меңгерушісі болмаған кезде оның міндетін басшылықтың келісімі бойынша бөлім қызметкерлерінің біреуі атқарады.

Телефон: 8(7232) 26-17-24

Т.А.Ә Лауазымы E-mail Телефоны
1 Әбдірахманов
Ілиас Ерікжанұлы
Бас маман IAbdrahmanov@akimvko.gov.kz 8 (7232) 24-38-93
2 Садықова
Меруерт Мұхаметнұрқызы
Бас маман MSidikova@akimvko.gov.kz 8 (7232) 26-70-05
3 Муқанова
Алтынай Серікбосынқызы
Бас маман Amukanova@akimvko.gov.kz 8 (7232) 24-38-93

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы