Әкім аппараты
Мұратов Жомарт Хайдарұлы
1965 жылғы 31 мамырда Киев қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ.
1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Кеңестік Армия қатарындағы қызметтен кейін токарь-карусельщиктің шәкірті болып бастаған. Одан кейін 15 жыл бойы бизнес саласындағы түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2004-2009 жылдары – «Жәрдем-Агро» аграрлық-инвестициялық компания» ЖШС-нің атқарушы директоры.
2009 жылғы маусымда - Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының бастығы.
2010 жылғы 16 шілдеден - Ұлан ауданының әкімі.
2012 жылғы 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Лауазымдық міндеттері
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары (жолаушы көлігі саласы), туризм, дене шынықтыру және спорт (туризм саласы) басқармаларының қызметін үйлестіру.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша көлік бақылау инспекциясымен, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясымен, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің «Ертіс» өңіраралық департаментімен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасымен, Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығымен, «Ертіс» ӘКК-мен, шағын бизнес субъектілерімен, өнеркәсіп кәсіпорындарымен, технопарктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Облыс сыртқыэкономикалық қызметі, автомобиль, өзен, теміржол және әуе көлігі мәселелері
Мынадай облыстық комиссияларға: Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңесіне, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің дамуына тосқауылды жою жөніндегі комиссияға, шағын кәсіпкерлік субъектілері жобаларын жергілікті бюджет қаражаттарынан кредиттендіру жөніндегі комиссияға, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру мониторингісі жөніндегі, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Шағын бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» байқауын өткізу жөніндегі комиссияларға, экономиканың басым секторларын кластерлік дамыту жөніндегі, қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жұмыс топтарына басшылық жасау.
Өскемен және Риддер қалалары, Зырян ауданы әкімдерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Азаматтарды қабылдау: облыс әкімнің орынбасары азаматтарды әр айдың үшінші жұмасында қабылдайды.
Байланыс телефондары: 8(7232) 24-18-86
|