|
ЕРЕЖЕ
Попова
Марина Сергеевна - облыс әкімі аппаратының заң бөлімi меңгерушісі
1974 жылғы 18 ақпанда Павлодар облысының Павлодар қаласында туған.
1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» заңгер-мамандығы бойынша үздік бітірді. Университетті бітіргеннен кейін, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Конститутциялық құқық» кафедрасының ұстазы болып жұмыс істеді.
Мемлекеттік қызмет жүйесінде 2000 жылдан бастап қызмет атқаруда.
Өскемен қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы, 2002 жылы- Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы болып қызметтер атқарды. 2006 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының заң бөлімін басқарады. Тұрмыста, екі бала тәрбиелеуде.
Лауазымдық міндеттері
- бөлім жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
- бөлім жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді;
- облыс әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен өзара
іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;
- облыс әкімдігі мен облыс әкімі аппаратының
іс-шараларына ұсыныстар енгізеді;
- әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен
өкімдерінің жобаларын әзірлеуге, облыс әкімдігінің, облыс
активтерінің мәжілістерінде қарау үшін бөлім желісі бойынша
мәселелерді дайындауды ұйымдастыруға қатысады;
- әкімдік қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен
өкімдеріне прокурорлық әрекет ету актілерін қарауды қамтамасыз етеді,
оларды талдауды және мониторингін қамтамасыз етеді;
- әкімнің және әкімдіктің актілер жобаларының
заңнама талаптарына сәйкес келуін тексереді, оларға беттер бойынша
дәйектендіру жүргізеді;
- облыс әкіміне қалалар мен аудандар әкімдерінің
заңға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілерін жою туралы
ұсыныстар енгізеді;
- құқықтық мәселелер бойынша облыс әкіміне және оның
орынбасарларына консультация береді;
- бөлім қызметкерлерін қызметке жоғарылату,
көтермелеу мен жазалау, оларға кезекті еңбек демалысын беру және
оларды қызметтік іссапарларға жіберу бойынша ұсыныстар енгізеді;
- заңды және жеке тұлғалардың талаптары бойынша
сотта әкімдіктің, әкімнің, облыс әкімі аппаратының мүддесін
білдіреді;
- бөлімде болып табылатын іс қағаздар
номенклатурасының жүргізілуіне, бөлім қызметкерлерінің құпия режимді
сақтауына бақылау жасайды;
Бөлім меңгерушісі болмаған жағдайда оның міндеттерін
басшылықтың келісімі бойынша бөлім қызметкерлерінің бірі атқарады.
E-mail: MPopova@akimvko.gov.kz.
Телефоны: 8(7232)26-48-69
|