|
Байсарина Айгуль Шайзадиновна
Байсарина Айгуль Шайзадиновна - Шығыс-Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы.
1951 жылы 17 қыркүйекте Шығыс-Қазақстан облысы Большенарым ауданының Усть-Нарым селосында дүниеге келген. 1968 жылы Большенарым орта мектебін, кейін Өскемен педагогикалық училищесін бітірді. 1982 жылы - Өскемен қаласы педагогикалық институтын бітірді. 1988 жылы Алматы жоғары партия мектебінің ішкі бөлімін тамамдады.
Қызмет жолын 1968 жылы тамыз айында, Большенарым ауданы Алыбай селосының бастауыш мектеп мұғалімі болып бастады. 1977 жылғы қарашадан 1979 жылға дейін комсомол органдарында қызмет атқарды. 1979-1985 жж. партия органдарында қызмет атқарды.
1985 жылы - Большенарым ауданының аудандық депутаттар кеңесі атқарушы комитетінің төраға орынбасары.
1992-1996 жж. – Шығыс-Қазақстан облысы Большенарым аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары.
1996-1997 жж.- Шығыс-Қазақстан облысы Большенарым аудандық әкімшілігі әкімінің орынбасары.
1997-2002 жж. – Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары.
2002 жылғы қараша - 2006 жылғы қазан – ШҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы.
Лауазымдық міндеттері
Шығыс-Қазақстан облысы әкімі жанындағы гендерлік саясат және отбасы істері бойынша комиссияның хатшысы болып бекітілген.
- Шығыс-Қазақстан облысы әкімдігі бекіткен ережелер негізінде, Комиссияның жұмысын ұйымдастырады.
- Комиссия отырысының күн тәртібін дайындайды.
- Комиссияның шешімдерінің орындалуын, «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиялары» жүзеге асуын бақылайды және қамтамасыз етеді.
- Комиссия мүшелері және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
- Облыстың жергілікті атқарушы органдары және ««Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиялары» жүзеге асырылуы мен отбасы мүддесін қорғау бойынша азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп әрекет етеді.
- Облыстағы гендерлік жағдайға талдау жасайды.
- Отбасы және әйелдерге қатысты мәселелер бойынша комиссия төрағасының азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады.
- Әйелдердің саяси белсенділігі облыстық мектебінің жұмысын үйлестіреді.
- Гендерлік саясат мәселелері бойынша ҮЕҰ және БАҚ-мен бірлесіп жұмыс істейді.
- Облыс әкіміне және ҚР президенті жанындағы гендерлік саясат және отбасы істері бойынша ұлттық комиссия төрағасына тоқсан сайын атқарылған істер туралы есеп дайындайды.
|