|
ЕРЕЖЕ
Қызметінің негізгі бағыттары:
- Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі заңдарының, актілерінің, қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту жөніндегі облыстық әкімдік пен облыс әкімінің, облыстық мәслихат сессиялары шешімдерінің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
- облыстық әкімдік, облыстық активтер мәжілістерінде, құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен өтетін кеңестерде қарау үшін бөлім желісі бойынша мәселелер дайындауды ұйымдастыру;
- жергілікті жерлердегі әкімдер аппараттарының, сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа қарсы күрес және заңдылықты нығайту мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының жұмыстарын үйлестіру және талдау жасауды қамтамасыз ету, оларға проблемалық мәселелерді шешуде іс-тәжірибелік көмек көрсету;
- облыстағы криминогендік жағдайды бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оның жағдайы туралы облыс әкіміне хабарлау;
- қылмысқа қарсы күрес пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі кешендік іс-шараларды әзірлеу бойынша жұмыс топтарына басшылық жасауды жүзеге асыру;
- облыс әкіміне қол қоюға берілетін қаулылар, шешімдер мен өкімдер жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру;
- облыс әкімінің тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары, басқа да мекемелер мен ұйымдар кеңестерінің жұмысына қатысу;
- облыс әкімінің тапсырмасы бойынша заңды және жеке тұлғалардың талап арыздары бойынша сот отырыстарында облыс әкімі аппаратының мүдделерін қорғауды ұйымдастыру;
- азаматтарды қабылдауды, орындауға келіп түскен арыздар мен өтініштерді қарауды жүзеге асыру, оларды тексеруді ұйымдастыру.
Азаматтарды қабылдау күнделікті жұмыс уақытында өтініш жасап келуіне қарай жүзеге асырылады.
Телефоны: 8 (7232) 26-64-64
E-mail: TKusainov@akimvko.gov.kz
|