ЕРЕЖЕ
Баженова Нұржамал Молдақанқызы - Облыс әкімі аппаратының кадр жұмысы және марапаттар бөлімінің меңгерушісі
1958 жылы Семей облысы Шар ауданы Октябрь кенішінде дүниеге келді. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. Институтты бітірген соң Алматы темір жолының Защита станциясының вагон депосының бригадирі болып жұмыс істеді, одан кейін комсомол жұмысында істеді, 1992 жылдан – облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және бақылау бөлімінде жетекші маман, сектор меңгерушісі, бас маман, консультант болды, 2005 жылдың қаңтарында аппарат құрылымының қайта ұйымдастырылуына байланысты облыс әкімі аппаратының кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Бөлім қызметінің бағыты:
Кадр саясатының мәселелелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің нормативтік құқықтық актілерін іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметшілерді тағайындау, босату, орналастыру бойынша құжаттар әзірлейді, облыс әкімімен тағайындалатын және келісілетін лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметке өтуіне байланысты өзге де мәселелерді шешеді.
Облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің, қалалар мен аудандар әкімдерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалар мен департаменттер басшыларының кадрларды есепке алу жөніндегі жеке істерін жүргізу, оларға нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өзгертулер, толықтырулар енгізу. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының базасында, облыс әкімі аппаратының кадрлар біліктілігін арттырудың Өңірлік орталығында облыстың (жергілікті бюджет) мемлекеттік қызметшілерін оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет пен наградтау істерінің мәселелері бойынша жоғары тұрған және жергілікті басқару органдарының кадр қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау, осы мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік көмек көрсету.
Облыс әкімі, облыс әкімінің аппарат басшысы тағайындайтын мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бос орындарына орналасуға конкурстар ұйымдастыру және өткізу.
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалар бастықтарын аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу, біліктілік талаптарын әзірлеу. Наградтау істерін ресімдеу, наградтауды ұйымдастыру, наградталғандарды есепке алу, наградтық іс жүргізу.
Қалалар мен аудандар әкімдерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалар, департаменттер бастықтарының, облыс әкімі аппаратының қызметкерлерінің жыл сайынғы еңбек демалысын ресімдеу, қызметтік куәліктерді дайындауды және беруді ұйымдастыру.
E-mail: NBazhenova@akimvko.gov.kz.
Телефоны: 8(7232)26-33-70
|