Әкім аппараты
Шерубаев Айтқазы Сейітұлы
1951 жылы 3 қыркүйекте ШҚО, Тарбағатай ауданының Ұласты ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1974 жылы Қарағанды поитехникалық институтын бітірген.
Лауазымдық міндеттері:
Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары (автомобиль жолдары саласы), құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау, сәулет және қала құрылысы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармаларының қызметін үйлестіру.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс істері жөніндегі, Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің департаменттерімен, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасымен, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетімен, «Қазпошта» акционерлік қоғамы облыстық филиалымен, «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалымен, Көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен, Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Тұрғын үй саясатын іске асыру, энергетика, телекоммуникациялар, байланыс, автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау кәсіпорындары қызметін қамтамасыз ету мәселелері.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешенінің қызмет етуін қамтамасыз ету.
Өз құзіреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Катонқарағай, Күршім аудандары және Курчатов қаласы әкімдерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Азаматтарды қабылдау
Облыс әкімінің орынбасары азаматтарды жеке мәселелері бойынша айына бір рет, әр айдың үшінші сәрсенбісінде сағ. 15.00-де қабылдайды.
Жазбаны азаматтардың өтініші бойынша қабылдау бөлімінің мамандары - Чиканцева Елена Николаевна, Мұстафина Нәсира Мұсабекқызы.
факс: 8(7232) 26-13-63
телефоны 8 (7232) 26-39-72
қабылдау бөлмесі 8 (7232) 26-12-66
E-mail:
|