|
Баяндамалары, СӨЗДЕРI
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНДАҒЫ 100 КҮНДІКТІҢ ХРОНИКАСЫ
2004 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Өскемен қаласына қысқа мерзімді сапары барысында, Шығыс Қазақстан облысы активінің мәжілісінде облыстың жаңа әкімі – Виктор Вячеславович Храпуновты таныстырды.
14 желтоқсан
Облыс әкімі Виктор Храпунов Шығыс Қазақстан халқының саны бойынша екінші және саяси маңызды қала Семей қаласында болды, онда бірқатар өнеркәсіп нысандары мен әлеуметтік инфрақұрылымдарда болды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, семейліктерді келе жатқан мейраммен құттықтады.
15 желтоқсан
Виктор Храпунов Алматыдан келген делегацияны қабылдады, олар өздерінің бұрынғы басшыларын Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалуымен құттықтауға келді.
Сол күні - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – ұлттық мейрам қарсаңында – облыс әкімі мемлекетіміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан біздің жерлестерімізге мемлекет алдында сіңірген еңбегі, мемлекетіміз бен облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан маңызды үлесі үшін мемлекеттік наградалар тапсырды.
Күннің екінші жартысында Виктор Храпунов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған Өскемен қаласы жұртшылығының салтанатты жиналысына қатысып, өскемендіктерді келе жатқан мейрамдарымен құттықтады.
22 желтоқсан
Облыс әкімі ШҚ облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясының жұмысына қатысты, онда 2004 жылғы облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпаратпен депутаттар алдында сөз сөйледі.
Сол күні Виктор Храпунов Аягөз ауданының ауылдық-кенттік округтерінің жиырма төрт әкімінің әрқайсысына компьютер, офистік жиһаз жинағы мен «Нива» аытомобилін тапсырды.
24 желтоқсан
Облыс әкімі облыс орталығының энергетика, сумен- және газбен жабдықтау кәсіпорындарының басшыларымен және өкілдерімен кеңес өткізді, оның барысында стратегиялық маңызды объектілердің техникалық сипатымен және олардың қысқы жағдайларда жұмыс істеуге әзірлігімен танысты.
Сол күні Виктор Храпунов балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілерін арналған облыстық жаңа жылдық шыршада болды. Облыс әкімі балаларды келе жатқан мейрамдарымен құттықтап, оларға жаңажылдық сыйлықтар тапсырды.
29 желтоқсан
Облыс әкімі Жаңа жылдық бал өткізді, оған Шығыс Қазақстанның өнер және мәдениет қайраткерлері, іскер орта мен элиталы-бизнес өкілдері қатысты.
30 желтоқсан
Виктор Храпунов «Казахстанская правда», «Начнем с понедельника» республикалық басылымдардың, облыстық – «Дидар», «Рудный Алтай», «Flash» газетінің - баспалық БАҚ өкілдерімен кездесіп, олармен 2005 жылығы облыстың даму жоспарларымен бөлісті.
2005 жыл
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Виктор Храпуновтың 2005 жылдың алғашқы аптасы тығыз және толық жұмыс кестесімен бірқатар танысу кездесулері және өңірдің әлеуметтік-маңызды нысандарына баруы арқылы құрметпен өтткізілді.
5 қаңтар
Виктор Храпунов Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен кездесті.
Облыс әкімімен кездесуге сенатор Александр Гусинский, мәжілісмендер Валерий Доскалов, Виктор Егоров, Александр Милютин, Тоқтархан Нұрахметов, Вера Сухорукова қатысты.
Сол күні Виктор Храпунов медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуымен және жұмыс жағдайымен танысу мақсатында бірқатар денсаулық сақтау объектілерінде, соның ішінде ЖМКА, облыстық, 1-інші қалалық, балалар ауруханасында, диагностикалық орталықта болды.
6 қаңтар
Облыс әкімі облыстың басты бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен-бас редакторларымен – «Дидар» газеті – Жұмәділ Әділбаевпен, «рудный Алтай» газеті – Анатолий Акавамен, ШҚ облыстық телерадиокешені – Бауыржан Айтқазинмен кездесті.
Күннің екінші жартысында Виктор Храпунов қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі оперативтік штабтың жұмыс отырысын өткізді, онда ШҚО аумағында заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің маңызды мәселелері тыңдалды.
Жұмыс күнінің соңында облыс әкімі «Азия-Авто» ЖАҚ-та болып, зауыт басшыларымен кездесті және автоқұрастыру өндірісінің толық технологиялық циклімен танысты.
7 қаңтар
Виктор Храпунов өңірдің әлеуметтік саласының объектілері бойынша жұмыс сапарларын жалғастырды. Бұл жолы облыстың бірінші басшысы білім беру объектілерінің бірқатарымен танысты - № 25 мамандандырылған мектепке, № 3 көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясына, сөйлеу қабілетінде кемшіліктері бар балаларға арналған № 62 мамандандырылған мектеп-бала бақшасына, № 1 кәсіптік лицейге, «Үміт» балалар үйіне барды.
Сол күні Виктор Храпунов Покровский соборында болып, ШҚО Шығыс округінің Амфилохий әкесімен кездесті және оны, оның тұлғасында – Шығыс Қазақстанның барлық христиандарын Христостың тууымен құттықтады.
19 қаңтар
Облыс әкімі Виктор Храпунов Глубокое ауданында болып, бірқатар кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысымен танысты.
20 қаңтар
Облыс әкімі Өскемен қаласының Орталық мешітінде болып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ДҰМҚ өкілетті өкілдерімен, бас имам Қондыбай қажымен кездесті. Виктор Храпунов имамды және Шығыс Қазақстанның барлық мұсылмандарын исламның ең маңызды мейрамдарының бірі – Құрбан Айттың басталуымен құттықтады.
Сол күні Виктор Храпунов, Қазақстан Республикасының шайбалы хоккей Федерациясының президенті бола отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің лауазымында ҚХФ Атқарушы комитетінің алғышқы отырысын өткізді.
22 қаңтар
Облыс әкімі Виктор Храпунов Ұлан ауданында болып, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар объектілерінде болды.
26 қаңтар
Облыс әкімі Виктор Храпунов танысу сапарымен Абай ауданында болды.
25 қаңтар
Облыс әкімінің қатысуымен «SKODA AUTO» чехия автомобильқұрылысы компаниясы мен «АЗИЯ АВТО» қазақстандық автоқұрастыру зауыты өкілдерінің арасындағы мәмілешартқа отыру алдындағы қол қою болды.
28 қаңтар
Виктор Храпунов ШҚ облысы әкімдігінің кезекті мәжілісін өткізді. Мәжілістің күн тәртібінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, 2004 жылға арналған бюджеттің атқарылуы мен 2005 жылға арналған міндеттер, сондай-ақ 2004 жылғы облыстың тәртіптік кеңесінің жұмысы қаралды.
5 ақпан
Облыс әкімі Өскемен қалалық мәслихатының депутаттарымен кездесті.
8 ақпан
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Виктор Храпунов пен «Каспий Банкі» АҚ басшылығы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
10 ақпан
Облыс әкімі Виктор Храпунов жұмыс сапарымен Көкпекті ауданында болды.
12 ақпан
Виктор Храпунов облыс орталығының кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу өткізді.
15 ақпан
Облыс әкімі Спорт сарайында шығысқазақстандық хоккейшілерді – Шайбалы хоккей бойынша Қазақстан Республикасы құрамасының мүшелерін 2006-Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алуы бойынша құттықтап, ескерткіш сыйлықтар тапсырды.
16 ақпан
Облыс әкімі Виктор Храпуновтың Шемонаиха ауданына танысу сапары болды.
19 ақпан
Облыс әкімі Виктор Храпунов Курчатов қаласында болып, республикалық деңгейдегі стратегиялық маңызды объектілердің жұмысымен танысты.
23 ақпан
Жергілікті жерлердегі істердің жағдайымен танысуды жалғастыра отырып, облыс әкімі Виктор Храпунов Риддер қаласында болды.
25-26 ақпан
Шығыс Қазақстан халықтарының алдында облыс әкімі Виктор Храпуновтың есеп беруін өткізу аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Даниал Ахметов келді.
ҚР Үкіметінің басшысы өңірдің экономикалық дамуының қарқынына жоғары баға берді.
28 ақпан
Облыс әкімі ШҚ облысы әкімдігінің кезекті мәжілісін өткізді, онда өңірдің келешекте дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды.
Сол күні Виктор Храпунов қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі оперативтік штабтың жұмыс отырысын өткізді.
1 наурыз
Облыс әкімі «Қазақстан эконмикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын талдау бойынша облыстық идеологиялық активтің жиналысын өткізіп, оған қатысушылардың алдында негізгі баяндама жасады.
4 наурыз
Виктор Храпунов 2004 жылы желтоқсан айында Ұлыбританияда болған Әлем чемпионатында, құрметті екінші орын алған, Б тобында болған Шайбалы хоккей бойынша Қазақстан Республикасы Жастар құрамасының хоккейшілері мен жаттықтырушылар құрамына алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар тапсырды.
Сол күні облыс әкімі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған Шығыс Қазақстанның әйелдерін салтанатты қабылдау өткізді. Әкіммен кездесуге Шығыс Қазақстанның барлық, тіпті алыс елді-мекендерінен де әйелдер келді, олардың ішінде Ұлы Отан соғысына қатысушылар, тылда еңбек еткендер, білім берудің, медицинаның, мәдениеттің, спорттың, бұқаралық ақпарат құралдарының үздік өкілдері, мемлекеттік қызметші әйелдер – олардың бәріне облыс әкімінің атынан мерекелік гүл шоқтары мен ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.
Күннің соңында Виктор Храпунов Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалинмен кездесті, ол сенімді сөйлесу барысында Қазақстан Жазушылар одағының 70-жылдығына арналған «Алтын-Орда» акциясын ұйымдастырып, оны өткізуде Шығыс Қазақстан басшысының қолдауына ие болды.
5 наурыз
Облыс әкімі облыс орталығында өткен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысты.
11 наурыз
Виктор Храпунов облыстық мәслихаттың Х сессиясының жұмысына қатысып, онда 2004 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2005 жылға арналған міндеттер туралы баяндамамен сөз сөйледі.
18 наурыз
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларын орындау үшін облыс әкімі ауылдық отбасылық амбулаториялар мен жедел жәрдем көрсету объектілерін санитарлық автокөлікпен толық қамтамасыз ету туралы шешім қабылдап, алғашқы сатып алынған автомобильдерді облыстың барлық аудандарының ауылдық ОДА өкілдеріне тапсырды, облыс бюджетінің қаражаты есебінен барлығы 97 автомобиль сатып алынды.
Сол күні Виктор Храпунов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымындағы алғашқы 100 күндіктің қорытындылары бойынша кеңейтілген баспасөз-конференциясын өткізді.
30 наурыз
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Семей қаласында болып, бірқатар энергиямен қамтамасыз ету объектілерінде болды және қаланың өміршеңдігін қамтамасыз ететін жүйелердің жағдайы мен одан әрі қалыптастыру келешегі басты мәселе болған ШҚ облысы әкімдігінің көшпелі мәжілісін өткізді.
31 наурыз
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Өңірлік даму мен жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі жөніндегі Комитетінің Күндерін өткізу аясында Виктор Храпунов «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың проблемалары мен мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы» тақырыптағы «дөңгелек үстел» отырысына қатысты, ол аяқталған соң ҚР Парламенті Сенаты Комитетінің төрағасы Л.Н.Бурлаков пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі В.В.Храпуновтың бірлескен баспасөз-конференциясы болды.
Сол күні Виктор Храпунов 31 наурызда Жамбыл атындағы облыстық драма театрында болған мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлығымен лауреаттарды наградтау салтанатына қатысты.
4 сәуір
Облыс әкімі Шығыс Қазақстан облысы полицияның учаскелік инспекторларының кеңейтілген семинар-кеңесінің жұмысына қатысты.
5 сәуір
Виктор Храпунов Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында келген ҚР Қаржы министрі Арман Дунаевты қарсы алды.
Қаржы ведомствосының басшысы жұмыс сапары аясында облыстың басты ЖОО-ның студенттерімен және профессорлық-оқытушы құрамымен кездесті, сондай-ақ танысу сапарымен Курчатов қаласында болды.
7 сәуір
Облыс әкімі Виктор Храпунов жұмыс сапарымен Зырян ауданында болды.
9 сәуір
Облыс әкімі Виктор Храпунов танысу сапарымен Тарбағатай ауданында болды.
11 сәуір
Облыс әкімі Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 10-жыл толуына арналған «Конституциялық негіздер және егеменді Қазақстан прокуратурасының қадағалау органдарын жетілдірудің келешегі» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына қатысты.
Сол күні Виктор Храпунов «Азия-Авто» ЖАҚ президенті Ержан Мандиевті қабылдады, ол жуықта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған «Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағының үйлестіру кеңесінің құрамына кірді.
13 сәуір
Облыс әкімі Виктор Храпуновтың Катонқарағай ауданына жұмыс сапары болды.
15 сәуір
Облыс әкмі «Қазмырыш» АҚ қызметімен танысты және өңірдің өнеркәсіп алыбының жұмысына жоғары баға берді.
16 сәуір
Виктор Храпунов облыс орталығының тұрғын үй құрылысының нысандарындағы жұмыс барысымен танысып, салынып жатқан алты үйді көріп қайтты.
Құрылыс нысандарындағы істердің жағдайымен егжей-тегжейлі танысу нәтижелері бойынша облыс әкімі мердігер құрылыс ұйымдарының басшыларымен, облыстың өміршеңдігін қамтамасыз ететін кәсіпорындармен және тиісті мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді.
Сол күні Виктор Храпунов облыс орталығының бір учаскесінде болды (Өзен вокзалынан облыстық Диагностика орталығына дейін), Өскемен қаласын салудың Бас жоспарына сәйкес, бір кездері тоқтап қалған Жеңіс даңғылының жолын салу жуық арада жалғастырылатын болады.
18 сәуір
Облыс әкімі «Мемлекеттік органдар және ҮЕО: ынтымақтастықты жетілдіру жолдары» конференциясына қатысты.
Сол күні Шығыс Қазақстан облысының экономикасын дамытуды инвестициялау бойынша облыс әкімі Виктор Храпунов пен Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич арасында мақсаттар хаттамасына қол қойылды.
19 сәуір
Виктор Храпунов шығысқазақстандықтарға - 2005 жылғы Бүкіләлемдік студенттер ойындарының жеңімпаздарына және олардың жаттықтырушыларына алғыс хаттар мен ақшалай сыйақыларды салтанатты жағдайда тапсырды.
Сол күні кешке Өскемен қаласының Спорт сарайында Шайбалы хоккей бойынша Қазақстан Чемпионатының көшбасшысы – «Қазмырыш-Торпедо» хоккей командасын наградтау салтанаты болды. Команда мүшелері мен жаттықтырушы-әкімшілік құрамға Чемпионаттың кубогын, алтын медальдар мен арнайы мақтау қағаздарын Қазақстанның Хоккей федерациясының Президенті, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Виктор Храпунов тапсырды.
20 сәуір
Облыс әкімі Шығыс Қазақстан өнеркәсібі флагмандарының бірінің өндірісімен - Өскемен титан-магний комбинатымен танысты.
22 сәуір
Виктор Храпунов Шығыс Қазақстан облысының Экология мұражайын салтанатты жағдайда ашты. Мұражайдың ашылу құрметіне Мемлекеттік қызметшілер саяжолы салынып, ағаштар отырғызуға Виктор Храпуновтың өзі де қатысты.
23 сәуір
Облыс әкімі кәсіпкерлердің өңірлік Форумына қатысып, негізгі баяндамамен сөз сөйледі. Форум жұмысының соңында облыс әкімінің және «Атамекен» Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағы мүшелерінің баспасөз-конференциясы болды.
Сол күні облыс әкімінің аппараты мен мәслихат шенеуніктері облыстың бірінші басшысы Виктор Храпуновтың бастамасын қолдап, біздің облыстағы экологиялық мұражайдың ашылу салтанатында басталған істі одан әрі жүзеге асырып, ағаш отырғызуға ат салысты, 50-ден астам ақ үйеңкі мен қайың көшеттерін отырғызды.
25 сәуір
Виктор Храпунов ШҚ облысы әкімдігінің кезекті мәжілісін өткізді, күн тәртібінде тұрғын үй құрылысының Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, өңірдің ормандарын өрттен қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту және басқа да мәселелер қаралды.
28 сәуір
Облыс әкімі «Шығыс Қазақстан 1941-45жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында» ғылыми-практикалық конференцисына қатысты.
Сол күні Виктор Храпунов Шығыс Қазақстанның жұмыс істеп тұрған саяси партиялары мен қоғамдық-саяси ұйымдарының лидерлерімен «дөңгелек үстелде» кездесу өткізді.
29 сәуір
Қазақстан халықтарының ынтымақ күні қарсаңында облыс әкімі ресми емес жағдайда Шығыс Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының ұлттық-мәдени орталықтарының басшыларымен, ғылыми-үйлестіру кеңесінің мүшелерімен, облыстың Достық үйлерінің директорларымен кездесті.
Сол күні Виктор Храпунов Шығыс Қазақстан облысының аумағында болып табылатын екінші деңгейдегі өңірлік банктердің басшыларын қабылдады.
1 мамыр
Облыс әкімі Қазақстан халықтарының ынтымақ күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысты. Салтанат Өскемен қаласының Орталық алаңында болды, онда Виктор Храпунов шығысқазақстандықтарға арнап мерекелік сөз сөйледі.
3 мамыр
Облыс әкімі Жеңістің 60-жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысу үшін Астана қаласына кететін Шығыс Қазақстан облысының ардагерлер делегациясының мүшелерімен кездесті.
Виктор Храпунов ардагерлерді құттықтап, оларға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атынан мемлекеттік наградалар тапсырды.
4 мамыр
Облыс әкімі Канаданың спорт делегациясының басшысы Баррет Кропфпен және «Атлеты в действии» канада командасының хоккейшілерімен кездесті. Кездесуде канадалық және шығысқазақстандықтар тараптары арасында облыс орталығында жаңа мұз айдынын бірлесіп салу туралы Келісімге қол қойылды.
Сол күні Виктор Храпунов Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлерін – Ұлы Жеңістің 60-жылдығына байланысты биліктің атқарушы және өкілді органдар қызметкерлерімен салтанатты қабылдау жүргізді, онда ардагерлерді құттықтап, оларға ескерткіш сыйлықтар берді.
6 мамыр
Виктор Храпунов облыстық салтанатты жиналысқа қатыса отырып, облыстық мерекелік іс-шараларға қаысуға келген облыстың қалалары мен аудандарының ардагерлер делегациясының өкілдерімен - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлерін құттықтап сөз сөйледі.
Сол күні кешке облыс әкімінің Ұлы Жеңістің 60-жылдығын мерекелеуге байланысты ардагерлер делегациясының мүшелерін салтанатты түрде қабылдауы болды.
7 мамыр
Виктор Храпунов Семей қаласында болып, Жеңістің мерейтойына арналған іс-шараларға қатысты, сондай-ақ семейліктерге - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлеріне арнап құттықтау сөз сөйледі.
9 мамыр
Облыс әкімі Өскемен қаласындағы Жеңіс Күнін тойлауға қатысты.
|