|
Конституция Құнiмен
Құрметті шығысқазақстандықтар!
Тәуелсіз Қазақстанның күнтізбесіндегі ең мерейлі күндердің бірі Ата Заңымыздың он жылдық мерекесіне орай, шын жүректен шыққан құттықтауымыз бен жылы тілегімізді қабыл алыңыздар!
Біздің жеткен басты табыстарымыздың өзі 1995 жылдың 30 тамызында бүкіл халқымыз қабылдаған негізгі заңның арқасында келгенін уақыттың өзі дәлелдеп берді.
Қазақстан Президентінің ұсынуымен және қазақстандықтардың мақұлдауынан өткен біздің еліміздің Конституциясы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси процестерде, Қазақстанның болашақ дамуында басты заңды өзегіміз болып табылады.
Бұл процестердің алға жылжуына әсер ететін ең үлкен күш адам құқығы мен оның бостандығын басты мақсат етіп ала отырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру принциптеріне бағытталған еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясаты екендігі белгілі.
Біз серпінді және орнықты әлеуметтік-экономикалық даму жолымен одан әрі дамудың мызғымас қазақстандық құқық тұғырына негізделетін қоғамды демократияландыру процестерін одан әрі тереңдетусіз болмайтын шепке жеттік.
Мемлекет басшысы халыққа арнаған өзінің кезекті Жолдауында басты тапсырмалар қатарында «Ең әуелі қолданылып жүрген Конституциямыздың әлеуетін барынша пайдалануымыз қажет» деді. Мақсатты бағытталған бұл процесте белсенді азаматтық көзқарас пен әрбір қазақстандықтың ерен еңбегі негізгі роль атқаратыны белгілі.
Экономикалық тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында біз көптеген жылдардың ағымында ортақ үйіміз Қазақстан Республикасында болашаққа нық сеніммен аттау керектігіне көз жеткіздік. Біздің атқарған жұмыстарымыз бен игілікті істеріміздің барлығы Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуіне үлкен ықпал ететінін түсіндік.
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді біздің Конституциямыздың қабылданғанына 10 жыл толуымен құттықтаймыз!
Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, табыс пен бақыт, бейбіт өмір тілейміз!
Виктор ХРАПУНОВ,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Василий АХАЕВ,
облыстық мәслихаттың хатшы
|