Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКIМI

«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік коммуналдық меншік мүлкін пайдаланғаны үшін төленетін жалдық ақының  базалық ставкаларын, қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері мен есеп айырысу ставкаларын анықтау тәртібін бекіту туралы»

2006 жылғы 22 тамыздағы № 730 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің          2000 жылғы 21 шілдегі № 1095 қаулысына, «Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi мемлекеттiк заңды тұлғаларға беру (бекiту), өтеусiз пайдалану, сенiмдi басқару, жалға беру мәселелерiн реттейтiн құқықтық актiлер туралы» облыс әкімдігінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 445 қаулысына (тіркеу нөмірі 2004 жылғы  21 мамырдағы № 1802) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының  әкімдігі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Дидар» газетінің 2006 жылғы  12 қыркүйектегі № 93 және «Рудный Алтай» газетінің  2006 жылғы 12 қыркүйектегі № 140 сандарында жарияланған  «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік коммуналдық меншік мүлкін пайдаланғаны үшін төленетін жалдық ақының базалық ставкаларын, қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері мен есеп айырысу ставкаларын анықтау тәртібін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 22 тамыздағы № 730 қаулысына (тіркеу нөмірі 2006 жылғы 31 тамыздағы  № 2430) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) қаулының 5-тармағында «Н.Т.Уранхаевқа» сөзі «С.В. Плотниковқа» сөзіне ауыстырылсын.
2) қосымшада:
кестенің 4-жолы «және кеңсе тауарларын» сөздерімен толықтырылсын;
кестенің 13-жолында «650» саны «250» санына ауыстырылсын;
бірінші азатжолда «республикалық бюджеттен» сөздерінен кейін «және әділет органдарында тіркелген мемлекеттiк емес коммерциялық емес білім, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері» сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Облыс әкімі Ж. КӘРІБЖАНОВ

КЕЛІСІЛДІ Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының міндетін атқарушы Б. Өтепов   

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы