| Шығыс Қазақстан облысының әкімі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми порталына қош келдіңіздер! Шығыс Қазақстан бүгінгі күні – бірегей табиғат әлемі, зор өндірістік әлеуеті, әлеуметтік инфрақұрылымы тармақты және белді аграрлық саласы бар экономикалық жағынан толыққанды аймақ. Бұған қоса облысымыз жаңа бастамаларды өмірге әкеліп, оның сәтті жүзеге асуы үшін табысты тұғырнама болып табылады. «Электрондық үкіметті» енгізудің алғашқы пилоттық жобасы Шығыста жүзеге асырылғаны өздеріңізге мәлім. Ол жақын болашақта тиісті құрылымдардың интернет-порталы арқылы тұрғындардың түрлі категориясы үшін мемлекеттік қызметтің барлық түрін ұсынуға мүмкіндік береді. Облыс әкімі ресми сайтының интернетті пайдаланушылардың қызығушылығын арттыратынына және олардың Шығыс Қазақстан туралы танымын кеңейтуге септігін тигізетініне сенімдімін! Тиімді «кері байланыстың» болатынына үміттенемін. Біздің болашақ үшін жұмыс істейтінімізді атап өткім келеді және іскер ынытмақтастыққа әрқашанда жол ашық. Құрметпен Бергенев Әділғазы Садуақасұлы
1958 жылы Семей облысы Бородулиха ауданының Шелехово ауылында туған. Білімі жоғары. Семей қаржы—экономикалық техникумын және Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын тәмәмдады. Еңбек жолын Бородулиха ауданының салық инспекциясында бастап, сол жерден Кеңестің Әскер қатарына шақырылды. Әскери қызметтен кейін ауданның кеңестік және партиялық органдарында қызмет етті. 1990 жылы ауданның салық инспекциясына жұмысқа ауысып, 1995 жылы Семей облысы бойынша салық полициясы облыстық басқармасының бастығы болып тағайындалады. 04.1997-05.1997 жылдар – Семей облысы әкімінің бірінші орынбасары, Семей облысы әкімінің м.а. 1997-1998 жылдар – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. 06.1998 – 10.1998 жылдар – Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімі. 1998-1999 жылдар – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшлігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 1999-2003 жылдар – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2003-2007 жылдар – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2007 жылдың ақпан айынан бастап - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2008 жылғы 7 мамырдан бастап Әділғазы Сәдуақасұлы Бергенев Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Азаматтарды қабылдау Облыс әкімі азаматтарды әр айдың бірінші сейсенбісінде сағ. 15-тен бастап бір рет қабылдайды. Телефоны: 8 (7232) 26-39-72 Қабылдау бөлмесі: 8 (7232) 26-33-10
|