Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Лизинг туралы

 

Бюджеттен тыс көздер есебінен 2011 жылға арналған қаржыландыру шарттары
Бюджеттік қаражат есебінен 2011 жылға арналған қаржыландыру Шарттары

 

Мемлекет қатысуының 100-пайыздық үлесі бар "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы Қазақстанның ауылшаруашылық өндірісіндегі техникалық қайта жарақтандыру мәселелерін шешу үшін құрылған кәсіпорын. Компанияның Шығыс Қазақстандағы бөлімшесі 2000 жылдан бастап, яғни 7 жыл көлемінде қызмет атқарып келеді. Осы мерзім ішінде облыстың аграрлық саласына 4 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылып, мың данадан астам ауыл-шаруашылық техникасы жеткізілді. "ҚазАгроҚаржы" АҚ Шығыс Қазақстан филиалының қатысуымен екі машино-технологиялық стансасы ұйымдастырылды. Былтырғы жылдан бастап қайта өңдеу өнеркәсібіне арнайы жабдықтарды жеткізу бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.

2005 жылы батыс европалық белгілі "Шаллер" фирмасының құны 130 млн.теңге тұратын шұжық өнімдерін өндіретін жабдығын “Арарат" ЖШС лизингке берген, ал үстіміздегі жылы сомасы 229 млн теңге тұратын екі жоба қаржыландырылды. Облыстың ауыл-шаруашылық құрылымдарына техникалар жеткізіп беретін негізгі жеткізуші кәсіпорын болып саналатын "ҚазАгроҚаржы" АҚ ШҚ филиалы бірінші кезекте казіргі заманға сай, тиімділігі жоғары техникаға берілген сұраныстардың орындалуын қамтамасыз етуге тырысады.

2006 жылы облыстың ауыл-шаруашылық кәсіпорындарына Ресейде шығарылған "Вектор" және "Руслан" астық оратын 14 жоғары өнімді комбайндарын, Алманияда шығарылған 3 "Медион" комбайнын және Канадада шығарылған кең алымды 2 егіс кешенін "Бюллер" тракторлары агрегаттарымен мен қоса лизингке берді. Тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін "ҚазАгроҚаржы" АҚ Шығыс Қазақстандағы филиалы ауыл-шаруашылық техника нарығынан жеткілікті жұмыс тәжирибесі жоқ фирмалар мен делдалдарды айналып өтіп, Қазақстанға техниканы жеткізіп тұрушылармен тікелей байланысты жүзеге асыруда.

Техниканы жеткізіп тұрушылардың арасында Қазақстандағы белгілі "МТЗ Азия Сервис", "КазДонСервис", "Агромашхолдинг", "СТ Агро Гмбх", "Сибсельмаш" сияқты, т.б. фирмалар бар. "ҚазАгроҚаржы" АҚ Шығыс Қазақстан облысында қызмет атқарған жылдары қайта өңдеу өнеркәсіп орындарына ауыл-шаруашылық техникасымен жабдықтарын жеткізуде ұйымдастырудың және жұмыс тұрақтылығының жоғары деңгейіне жетті. Көптеген ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары "ҚазАгроҚаржы" АҚ-мен ынтымақтастықта болудың пайдалы екенін түсінді.

Олардың арасында: Воропай В.Г., Мәмбетов Е.Д., Дяглев П.Ф., Матасов А.П., Лазарев П.П. және т.б. "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамынан техника алудың негізгі артықшылығы - сыйақы мөлшерінің төмендігі (4-тен 8 % дейін), техниканы жеткізуде қаржы тәуекелінің болмауы, қосымша құн салығының мөлшеріне бағаны төмендеуі және келісім-шарт жаупкершілігінің жоғарылығы. Ауылшаруашылық техникасын жеткізіп беруші ретінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ таңдау – Қазақстанның ауыл-шаруашылық техникасы рыногындағы ең сәтті таңдау болып саналады.

Егер сіз ауылшаруашылық техникасын немесе қайта өңдеу жабдықтарын лизингке біздің компаниядан алуға шешім қабылдасаңыз, тапсырыс беру рәсіммен және техниканы жеткізіп тұру шартымен мұқият танысыңыз.

 

 

"ҚазАгроҚаржы" АҚ 2007 жылға ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІ ТАЛАПТАРЫ

 

"Ростсельмашта" шығарылған өнімділігі жоғары "Вектор" астық жинау комбайны

 

КЛААС неміс фирмасының "Медион-310" астық оратын комбайны

 

Минск трактор зауытының МТЗ-82 және МТЗ –1221 маркалы тракторлары

 

Құрамына "Бюллер2375" тракторы мен "Моррис Концепт" тұқым сепкіш-культиваторы кіретін канадалық кең алымды егіс кешені

 

Құны 132 млн. теңге тұратын Шаллер фирмасының шұжық өнімдерін шығаратын өңдеу жабдықтары, 2005 жылы "Арарат" ЖШС алған.

 
 


Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы