Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

Өсімдіктер карантині саласынан ақпарат

Бүгінгі күнде облыста 3 карантиндік объектілер тіркелген, оның ішінде 2 карантиндік арамшөп: укекіре (қызғылт) және шөптесін өсімдіктердің паразиті арамсояу, картоптың алтын түстес жұмыр құрты.

Өсімдіктер карантинінің негізгі міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасының  аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантинді аймақтан карантинді объектілердің әкелуінен немесе өз бетімен енуінен немесе өз бетімен енуінен қорғау;
  2. Карантинді  объектілерді анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуінің алдын алу;

Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласасындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу.
2011 жылы карантиндік объектілерге анықтау жұмысы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ  ШҚО филиалы жоспарланған 295,6 мың га жер көлеміне анықтау жұмыстары толығымен жүргізілді.
Укекіре ошақтары 10 ауданда, 1 қала мен 14 мекенді жерлерде 246 шаруашылық нысандарында 78,5 мың га, арамсояу шөптесін өсімдіктердің паразиті 14 аудан, 4 қала, 86 мекенді елді және 19 шаруашылық нысандарында, 2  үй жанындағы жерлерде 3 мың га жерді залалдаған.
Өткен жылы «Өсімдіктер карантині» 004  Мемлекеттік бағдарламасымен  республикалық қаржы есебінен карантиндік арамшөп ошақтарын жою үшін химиялық өңдеу жұмысы 31,5 мың га, оның ішінде 29,4 мың га укекіреге (қызғылт) және арамсояуға қарсы 2,1 мың га жүргізілді. Химиялық өңдеу жұмысы  «Фитосанитария» РМК ШҚО филиалы өз техникаларымен қоса жалдамалы қосалқы техникалармен өңделді. Осы жұмысқа 188,7 мың литр «Вихрь» с.е. және «Фозат» с.е. гербицидтері қолданылды. Республика тарапынан 135,4 мың тенге қаржы игерілді.
2011 жылы 699 тексеру жұмысы жүргізілді, оның ішінде  141 өсімдіктер карантині саласындағы заңдылықтың бұзылғаны анықталып,  117 әкімшілік шара  485,4 мың теңгеге айыппұл салынды, 2 жағдайда карантиндік объектілер: 30 пакеттегі сәбіз тұқымында арамсояу тұқымдары мен  1 тонна қауында қауын шыбыны анықталды, 19 жағдайда карантинге жатқызылған өнімдер  келген жеріне  кері қайтарылды (Қытай).
Өсімдіктер карантині саласындағы заңдылықты насихаттау мақсатында  облыстық, аудандық газеттерге 9 мақала жарияланып, 557 адмды қатыстыра отыра  22 семинар-кеңес өткізілді, оның ішінде  біреуі   сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен облыстық аумақтық инспекциясында  кеден одағы кедендік аймақта және шекарадағы фитосанитариялық бақылау (қадағалау)  жүзеге асыру туралы.
Биылғы жылы карантиндік объектілерді анықтау мақсатында  295,7 мың га жерге анықтау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, оның ішінде  4,0 мың карантиндік  зиянкестерге қарсы, 7 мекемеде, 940,0 га карантиндік аурулар мен 291 мың. га карантиндік арамшөптерге қарсы.
Бүгінде  карантиндік арамшөп  ошақтарын жою үшін жүргізілетін   іс-шараларды жүзеге  асырудағы негізгі мәселе  химиялық өңдеу жұмысын профилактикалық және агротехникалық іс-шаралармен ұштастыра отырып, жиынтық түрінде жүргізу.
Сонымен қатар, карантиндік мәселелерді шешуде  жергілікті атқарушы органдар тарапынан қойылтатын  талаптардың  да маңызы зор.

 

 


Мұрағат

+ 2011
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2011
+ 2010
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2008
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2008
+ 2007
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2007
+ 2006
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2005
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2004
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл

Тақырып бойынша ақпараттық хабарлама:


Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы